Визит карточкасы

«Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» КМҚК

Колледж миссиясы: «Қазіргі кездегі нарықтық жағдайда өмір сүруге және жұмыс істеуге қабілетті, болашақ маманның тұлғасын дамыту және қалыптастыру»

Біздің ұйым білім береді – ол үнемі ізденісте болатын, нарықтық қатынастағы жағдайда мамандарды даярлау бойынша міндеттерді шешуге қабілетті, шығармашылықты, жоғары кәсіби, ұйымшыл ұжым.

Кәсіпорынның атауы: КМҚК «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі»

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар облысының әкімдігі 

Ведомствосы: Қазақстан Республикасының білім   және ғылым министрлігі

Лицензия:  13008140 2013 жылғы 04 сәуірден мерзімі шектеусіз

Кәсіпорын басшысы:  Нығметов Марат Жанатұлы 

Құрылуы: СССР жолдар қатынасы министрлігінің СССР ЖОО Министрлігімен келісімі бойынша бұйрықтың, СССР жолдар қатынасы министрлігінің 1981.18.07.күнгі  № Д28352 бұйрығының негізінде 

Негізгі әлеуметтік серіктестері мен мамандарды тұтынушылар: ҰК «Қазақстан темiр-жолы» АҚ«Қазақтелеком» АҚ, Павлодар қ. әкімдігінің қалалық трамвай басқармасы, Алюминий Қазақстана АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты.

Бүгін ПКжКК – ол жақсы оқу-материалдық базасы бар, заманауи оқу орны.
Колледждің материалды-техникалық базасын құрайтындар:
- оқу орнының жалпы ауданы 10020 м2,
- 75 орынды жатақхана.
- 58 оқу кабинеттері мен зертханалар, оның ішінде 10 компьютер класстары,  (барлығы 271 компьютер, 19 мультимедиялық жүйе, 3 интерактивті тақта);
- спорттық кешен: футбол алаңы бар стадион, тренажер залы, атқыш тир, 2 спорт залы.
- кітапханада кітап қоры 59526 мыңнан аса кітап, 167 электрондық оқу құралы,
- оқу шеберханасы,
-  360 орынды акт залы,
- 156 орынды асхана бар.

1.04.2017 ж. күнгі жағдайы бойынша оқушылар құрамы 911 адамды құрайды, оның ішінде оқудың күндізгі бөлімінде – 745 адам, оқудың сырттан оқу бөлімінде – 166 адам оқиды.

35  жылда колледжде 12000-нан аса маман дайындалды, олардың көпшілігі көлік және коммуникациялар кәсіпорындарында еңбек етеді.

Педагогикалық кадрлар – колледждің басты құндылығы болып табылады. Ол жоғары білікті, қаруланған және креативті қызметкерлер. Колледжде 67 оқытушы қызмет істейді, оның ішінде жоғары және бірінші санаттысы – 43 адам.

Педагогикалық ұжым «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу - бәсекелесуге қабілетті мамандарды жеке бағдарда оқыту және тәрбиелеу сапасын қаматамасыз етудің қажетті шарты» атты тақырып мәселесімен жұмыс жүргізді.

Студенттердің сыныптан тыс істеріне көп көңіл бөлінеді: вокалды, домбыра, робототехника үйірмелері, қызығушылықтары бойынша клубтар және спрот секциялары тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің он бес жылдығында колледж екінші рет ең үздік колледж атағын дәлелдеді және 510 колледждің арасынан «Білім ұясы. Жылдың ең үздік колледжі» атты Республикалық конкурста үшінші орын алды.

Колледж 2010 жылы – аймаққа бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлағаны үшін «Серіктестік лидері – 2010»  номинациясында жеңімпаз болып танылды.

Колледж 2012 жылы оқу-материалдық базаларды заманауи жабдықтармен жаңалау үшін Бүкіл дүниежүзілік банктың қарызы есебінен грант алудан Республикалық конкурсын жеңіп алды.Колледждің институционалды даму жоспарына сәйкес оқу кабинетеріне және зерханаларға 52,2 млн теңгеге заманауи жабықтар сатып алынды, оқу кітаптары 1,3 млн. теңге сомасына шығындалды. 

Колледж 2013 жылы қаңтар айында біздің студенттерге ең жоғары деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде  E-learning электронды оқыту жүйесіне қосылды. Колледждің материалдық базасы жалпыколледждік WiFi негізіндегі жергілікті желіні және кең жолақты Интернетке жол ашықтықты пайдалану арқылы білім беретін бағдарламаларды өткізуге тұғырнама бола алатын, жаңа компьютерлік техникамен, мультимедиялық және интерактивті құрал-жабдықтармен толықтырылды  

Колледж 2015 жылы республиканың еңбекке тапшы облыстарының кадрларын толықтыру үшін «Серпін-2050» «Мәңгілік  ел жастары – индустрияға» бағдарламасына қатысты.

2015 жылы колледждің  pktik.kz  сайты Павлодар облысы білім беру мекемелерінің сайттарының арасынан кезекті рет ең жақсы сайты атанды.

Колледждің таңдап алған даму стратегиясының нәтижесінде Павлодар облысы орта кәсіпорындарының арасында «Серіктестік лидері – 2015»  лауреаты атағын алды және  ТОП-15 (Золото рейтинга) 2 орынды иеленді.

 
«Қазақтелеком» АҚ жұмыс берушілерімен бірлесіп оқу орнында теміржол мамандықтры бойынша жұмысқа орналастыру кепілдігі бар дуальды оқыту жүйесі ұйымдастырылды.

 Біздің колледждің әнұранын тыңдау:

                 Музыкасы Игорь Александрович Булатовтікі
                 Сөзі Александра Ивановна  Штеленікі