Материалды-техникалық база

Колледж Павлодар облысындағы  ірі, заманауи және беделді оқу орындарыныңбірі болып табылады.
Колледж жақсы заманауи оқу-материалдық базамен  жабдықталған, жалпы ауданы 9770,6 м2  болатын, оқу-зертханалық, оқу-өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік ғимараттары бар.  оқу орнының алатын аумағының ауданы 3,9587 га +0,0580 га құрайды.
 

Оқу комплексіне кіретіндер:

I) оқу корпусы – 3 қабатты ыңғайлы ғимарат, салынған жылы  – 1965 (бұрынғы мектеп– интернат)  жалпы ауданы  5972,0 м2.

II) қоғамдық-тұрмыстық  корпус – 3 қабатты 72 оқушыға арналған ғимарат, 1990 жылы типтік жоба бойынша салынған, жалпы ауданы 2459,5 м2.

III) оқу шеберханасы  -  2 қабатты ғимарат, жалпы ауданы 323,2 м2,  оған енетіндер  электромонтажды, слесарлы, электрпен пісіретін, слесарлы-механикалық шеберханалар.

IV) қосалқы-шаруашылықты ғимараттарсоның ішіндешаруашылық корпусы (гараж, жылу торабы, бойлер),бір қабатты кірпіш, үй жалпы ауданы  296 м2, салынған жылы1965ж.

V) жатақхана  – 75 орындық типтік 2 қабатты ғимарат, салынған жылы 1958 ж., жалпы ауданы 719,7 м2, тұратын ауданы   432,5 м2.

Колледжде 58 оқу кабинеттері, зертханалар бар, соның ішінде:

- 38 оқу кабинеті және  20 оқу зертханалары, оқу стендтерімен жабдықталған - 215 бір.,  оның ішіндеэлектрленген - 51 бір., оқумакеттерімен– 382 бір.; оның ішіндемакетті электрленген аспаптар– 37 бірлік.
 

   

       

Колледждің материалдық базасына енетіндер:
- 2 спортзалы   жалпы ауданы 629,8 м2;
- атқыштир - 58,3 м2;
-  тартанды жолы, 136 орындық көрермендерге арналған трибунасы бар, футбол алаңы бар,;
- медпункт – 38 м2;
- мәжілісзалы-360 орындық ;
- конференцзал -80 адамға;
- түскі ас ішетін 156 орындық залы бар асхана, жалпы ауданы  360 м2;
- кітапхана  жалпы ауданы 287 м, 58,7 мыңнан астам оқу әдебиеттері, электронды оқулықтары – 167 дана кітап қоры бар. 
- балластты призмада, білеулерде, ағаш шпалдарда бағыттағыштық бұрма тілі бар, жолды бөгеу құрылғыларымен  теміржол жолдарының телімінен тұратын, колледждің аумағында орналақан оқуполигоны бар. теміржол жолдарының телімінде жолаушылар арбашығы, доңғалақ жұбы, автотіркегішті құрылғысы бар вагон платформасы орнатылды.
- байланыс желісін өткізетін оқу полигоны.

Компьютерлік техника: барлығы  290 бірлік, оның ішінде  86 бірлік E-Learningжүйесі бойынша 2013 жылдың қаңтар айында пайдаланымға енгізілді. Компьютерлік паркті 156 ЖК, 47 ноутбук, 54 моноблок құрайды. Жалпылай интернет желісіне 250 бірлік қосылды, ол дегеніміз 86% құрайды. Бөлінген көтерметалшықты желі арқылы кеңжолақты Интернетке ену қамтамасыз етілді. Оқу барысында компьютерлік техниканың 246 бірлігі пайдаланылады. Оқытушылардың жұмыс орындары 57 компьютермен жабдықталды. Мультимедиялық және интерактивті құрал жабдықтар 31 бірлік. Колледжде  6 стационарлық компьютерлік класстар  + 1 мобильді компьютерлік класс жұмыс істейді. 


          
    
                          

 

2013-2014 оқу жылында «Телемеханика бақылауының негіздері» кабинеті жабдықталды, 1303000 «Темір жол қозғалысында автоматика, телемеханиканы басқару» мамандығы бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған «Аппаратура КТСМ 01Д» орнатылды. 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша электрбайланысы және коммутацияның цифрлық жүйелері зертханасына «Көлік  орталығын және деректерді берудің жабдықтары» орнатылды.

Колледж ҚР БҒМ «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасын іске асыру аясында Дүниежүзілік банк 380,0 мың доллар көлеміндегі  грантына ие болды. Институционалды даму жоспарына сәйкес оқу шеберханаларына заманауи станоктар, жолаушылар вагонына тербелістерді гидравликалық өшіргіштер, жолаушылар вагонының автотіркегішті құрылғылары, мультимедиялық жабдықтар, «LCD TFT экраны бар электр қауіпсіздігін оқып үйренуге арналған модуль"жөндеу және калибрлеу, тексеруге арналған метрологиялық стенд, "Станция және теміржол жолының учаскесінің аралығы"интерактивті 3D макет-трнажер  сатып алынды.

"Қазақтелеком" АҚ филиалы - Шығыс аймақтық телекоммуникация дирекциясы, Павлодар облысының білім беру басқармасы және "Павлодар көлік және коммуникация колледжі" КМҚК арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы 2013 жылғы 22 қазандағы № 1033 үш жақты шарт шеңберінде, "Қазақтелеком" АҚ филиалы Шығыс РТҚ Жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығының көмегімен 2017-2018 оқу жылы "Электр байланысы зертханасы, цифрлық коммутация жүйелері" жабдықталып, ақысыз берілді. 1306000 "Радиоэлектроника және байланыс" мамандығы бойынша зертханада орнатылған DRX-4 станциясы абоненттік платалармен жабдықталды.

   

2018-2019 оқу жылынан бастап "Байланыс желісі зертханасы " көрнекі құралдармен жабдықталған. Аймақтық және ауылдық телекоммуникация желілерінде пайдаланылатын мыс және оптикалық кабельдердің үлгілері орналастырылған. Стендте 09-11 типті оптикалық муфтаның үлгісі орналастырылған. Техникалық қызмет көрсету кезінде кәбілші-дәнекерлеушілерге жүргізілетін жұмыстарды көрсету үшін ішінде бокстары бар тарату шкафы; екі кәбілдік желілермен тарату шкафымен байланысты телефондық кәріз құдығы; екі приставы бар баған тірегі орнатылған. Тіректе кабельдік жәшік орналастырылған. Тарату кабелін дұрыс төсеу және дәнекерлеу орындалды.

Жеке стендте жергілікті желінің элементтері – тарату қорабы, кәбілдік муфтасы бар тарату кәбілінің учаскесі, телефон розеткасы, абоненттік желі орналасқан. Көрнекі құралдар 130600 0 "Радиоэлектроника және байланыс" мамандығы бойынша студенттерді оқыту үшін жақсы демеу болып табылады. Осы оқу жылында "Қазақтелеком"АҚ бөлімшелеріндегі жұмыс кезінде студенттерге практикалық дағдыларды алуға қызмет ететін дәнекерлеу аппараттарын алу жоспарлануда.

   

2019-2020 оқу жылы "Байланысты ұйымдастырудың жабдықтары зертханасы" ашылды. Бұл зертханада қазіргі уақытта желіде қолданылатын, сондай-ақ өткен жылдары пайдаланылатын, тарих болған байланыс жабдығы ұсынылған. Мұнда коммутаторларды, телефон аппараттарын, радиоқабылдағыш құрылғыларды, байланыс электромонтері мен байланыс монтажшысы жұмысына арналған монтер құрылғыларын көруге болады. Байланыс тіректерінде жұмыс істеу үшін биіктікте қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін қажетті монтерлік когтиктер мен сақтандыру белдігі пайдаланылады. Абоненттік әуе байланыс желісінің аспасы орындалған байланыс желісінің тірегі орнатылды. Стендте Интернет желісіне қосылу үшін заманауи жабдықтары бар тұрғын үйдің макеті орындалды. Көптеген теле-, радио-аппаратуралар, радиохабарлар, ұялы байланыс жинақталды.

    

    

Әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлары

Шарттары
Сипаттамасы
Жатақхана
  Жалпы ауданы- 719,7 кв.м., тұратын ауданы- 432,5 кв.м.
  - ыстық су, 
  - төсек-орын, орамал,
  - ыдыс  (чашки, тарелкалар, қасықтар, шанышқылар, табалар, кастрюлдер),
  - электраспаптар (телевизорлар, тоңазытқыштар, шайнектер, микроволновка, үтіктер)
  Медицинапункті 
  Лицензияланған медкабинет
  Асхана
  156 отыратын орын
  Кітапхана
  Кітап қоры 58,7 мың дана, оқузалы, интернет
  Спортзалы
  2 спортзал, спортплощадь, тир
  Суденттердің сыныптан тыс    іс-әрекеттері
  9 спортсекциясы, 4 көркемөнер және  техникалық бағыттағы үйірмелер, 5 қызығушылықтары бойынша  клубтар
 

Жатақхананың жобалық қуаты - 75 орын. Жатақхананың ауданы демалс бөлмесі мен ас үйден басқа, тұрмыстық жайларды орналстыруға жағдайы келмейді. Сондықтан  медицина пункті, асхана, кітапхана, спортзал және оқу аудиториялары оқу корпусында орналастырылған.

Студенттер сабақтан бос кездерінде  негізігнен оқу корпусында өткізілетін, секциялар мен үйірмелерге қатысады. Үйірмелер: вокал, домбыра, робототехникалық үйірме, қызығушылықтары бойынша клубтар және спорттық секциялар бар.