ҚР Парламенті мәжілісінің депутатымен кездесу

Колледждің оқытушылар ұжымы мен студенттерінің 2017 жылдың 3 ақпан күні ҚР Парламенті мәжілісінің VI шақырылуының депутаты Каракен Куралай Ануарқызымен, Павлодар облысы білім басқармасы басшысының орынбЕ.Н.Дауеновпен кездесуі болып өтті. Келген қонақтар колледждің материалды-иехникалық базасымен танысты, арнайы пән оқытушыларымен  әңгімелер жүргізді.


Каракен К.А. заң шығарушы билігі ретінде өзінің баяндамасында Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекелесуге қабілеттілігі» өзінің жаңа жолдауында қойған негізгілеріне баса назар аударды.

Кездесуде ҚР техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қатысты болатын, проблемалық мәселелерді талқылады. Колледж студенттерінің дуалды оқытуын ұйымдастырудағы өндірістік кәсіпорындарының қатысуына жағдай жасау үшін нормативтік актілерді әзірлеу қажеттілігі белгіленді. Оқытушылар депутатқа ТжКБ оқытушыларының санаттарынсыз еңбекақылары  жүйесінің тиімсіздігін айтып қынжылды және осы мәселені тиісті деңгейде қарастыруды сұрады. «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы бойынша оқитын, студенттер колледжде оқуды аяқтаған соң тұрғын үй мәселесі ойландыратынын айтты.

Кездесу соңында депутат қатысушыларға сындарлы сұхбат үшін алғысын білдірді және алға қойылған мәселелерді аз уақытта шешілуіне сенімділігін айтты.