Ұлы Наурыз мерекесі

Наурыз мерекесі шығыс күнтізбесі бойынша – жаңа жылдың бастауы, көктемгі жаңару мен бірліктің мейрамы. Көктем мерекесі әрдайым көңілді боп өтетін. Бұл мереке көпшілік жиналатын сауық-сайранмен жалғасып отыратын. Адамдар ән шырқап, ұлттық билер билейтін. Бозбалалар мен жігіттерді жиі бәйгеде және күресте жарыстырған. Қыздар да осы ойындардан қалыспайтын. Сонымен бірге ақындар мен әншілердің арасында да айтыстар өткізілетін еді.

Әрине, Наурыз мерекесінің қазіргі тойлануы бұрынғыдан өзгеше. Десек те Наурыз тойы үнемі ерекше бір шаттықта тойлануда.

Біздің колледже Наурыз мейрамы бір күндік тойлаумен шектелмеді. Сүйікті көктем мерекесін ұлттық спорт жарыстарымен, «ауылдардың» байқауымен қарсы алды. Сонымен бірге 2017 жылдың 18 наурызында Наурыз мейрамын тойлауына орай мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік бағдарлама әндер мен билерге толы болды. Концерттің айрықша сәнін келтірген – оқытушылар мен студенттер дайындаған би флеш-мобы және вокалдық топтардың өнері көрермендердің көңілінен шықты. Аталмыш іс-шара жоғары эмоционалдық деңгейде өтті.

Бүгінгі күні Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтары үшін қымбат. Ежелгі Наурыз мерекесі қазіргі заман ағымына сай келіп, салт-дәстүрлердің керемет жалғасы іспеттес.