Дәстүрді сақтап

2017 жылдың 15 наурызы күні  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай колледжде  ұлттық спорт ойындары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын арқылы оқушылардың денсаулығын шыңдай отырып, бойына патриоттық сезім, еліне, туған жеріне деген сүйспеншілік, халқының салт-дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу.

Ойындарға әр бөлімшеден құралған үш команда қазақша күрес, қол күрестіру, асық ойнау, турникте тартылу бойынша қатысты. Сонымен қатар «Көңілді старт» ойыны да өткізілді.

Оқушылар үшін ұлттық спорт ойындарынан құралған іс-шаралар көңілді өтті. Барлық қатысушылар қызығушылықпен ойындарға белсене қатысты. 

Жеңіске жеткен топтарға марапатау қағаздары табыс етілді.