"Әр балаға сыйлық "

Біздің колледж үшін жаңа жыл қарсаңында жыл сайынғы «Әр балаға сыйлық» ұранымен «Мейірімділік» атты қайырымдылық жасау акциясын өткізу ізгі дәстүрге айналды.

Жастар ісі бойына комитеті, оқытушылар мен 1-3 курс оқушылары қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық көріністер дайындады.

Студенттер атынан Аяз ата мен ақша қар балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады және оларға тәтті сыйлықтарын сыйлады.

Осы мереке қарсаңында аздап болса да өзінің мейірімін сыйлаған және немқұрайлы қарамаған балалардың бәріне алғысымызды білдіргіміз келеді.