Оқытушылар президенттік тест тапсырады!!!

«Ертіс» шаңғы базасында 2017 жылдың 4 наурызы күні қала оқытушыларының арасында Президенттік тесттен (шаңғы жарыстары) жарыстар болып өтті. Әйелдер 2 км, ерлер 3 км  қашықтықты өтуі керек болды.

Біздің колледжден жарыстарға Сейтказин Б.Б., Анисимова Е.С., Белякова Л.Д., Жангазинова С.Ж., Садовник А.А. қатысты. Сейтказин Б.Б. өте жақсы нәтиже көрсетті, ол өз жас шамасының тобында бірінші орынды иеленді.   Анисимова Е.С., Жангазинова С.Ж., Белякова Л.Д. мәреге екінші, үшінші және төртінші болып жетті.
Жақсы жарыс көрсеткендері үшін алғыс айтамыз және құттықтаймыз!!!