Өндірістік практика қорытындылары

8.02.17 күні  «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық  қызмет көрсету» (В413, В424) және  «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»  (ОП413) мамандықтары оқушыларының өндірістік технологиялық практика нәтижелері бойынша қорытынды конференция болып өтті.   

Практика жетекшісі, «ВШ және ОП» арнайы пәндердің циклдық комиссия төрағасы Карасаева О.В. қонақтарды – мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшелерін, теміржол саласы кәсіпорындарының басшыларын, колледждің оқытушылар ұжымының мүшелерін таныстырды.

Конференцияға колледждің әлеуметтік серіктестері-кәсіпорындардың өкілдері шақырылды:  
Гейнц И.В. - «ҚТЖ АҚ филиалы– жүк тасымалдары» - «Павлодар ГП бөлімі» и Павлодар станциясы;
Симушкина Л.Н. - «Қамқорвагон» ЖШС;
Жакупбеков Д.С., Габбасов О.Е. – «Вагонсервис» АҚ Павлодар учаскесі.

Конференцияға мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшелері Баймуханова Г.А., Негриенко Н.Н., Мурзаханова М.У., Курочкина Н.В. қатысты.

Конференцияны ұйымдастыруға колледждің арнай пән оқытушылары Полещук Е.И., Мухаметкалиева А.А., Газизова Г.Н. қатысты.

О.В.Карасаева қатысушыларға өндірістік праткиканың мақсаттары мен міндеттері, студенттерді теміржол көлігінің кәсіпорындарына бөлу, үлгерімдерінің қортыындылары туралы айтып берді.     

   

Конференцияда студенттер кәсіпорыннң технологиялық барысының ж.ргізілген істері жөнінде сипаттаған баяндамаларын жасады. Балалар ұжымның еңбек күндері, практикадан есептерді дайындағандары және 3 разрядқа біліктілік емтихандарын ойдағыдай тапсырғандары жөнінде айтып берді.

Теміржол кәсіпорындарының өкілдері, өндірісшілер дуалды оқытуды ұйымдастыру бойынша бірлесіп жұмыс істеудің талдауын жасады, біздік практиканттарға теориялық дайныдықтарына жоғары бағалады және өте жақсы мінездеме берді. Аттестациялау комиссиясының мүшесі Негриенко  Надежда Николаевна 3-4 курс студенттеріне ыстық ықыласын жеткізді.

Директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары Б.Б.Сейтказин конференцияның қорытындысын шығара отырып сөз сөйледі.