Мерейтой иесіне сыйлыққа – мұражай ашылды

Колледждің мәжіліс залында, өмірінің 28 жылын біздің сүйікті колледжімізге, оның қуанышты күндеріне, жеңістеріне және істеріне арнаған- адам, ол-  Кабурнеев Валерий Ивановичтің 70-жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған, салтанатты шара 2017 жылдың 7 сәуір күні болып өтті. 

Валерий Иванович біздің колледждің құрылуының бастауында тұрды. 1983 жылдан 2012 жылға дейін директордың міндетін атқарды: алдымен теміржро техникумы, содан кейін Павлоар көлік және коммуникациялар колледжі, өзінің еңбек жолын №120 ГПТУ футбол секциясының жаттықтырушысынан бастады.

Осы 28 жыл бойында жемісті еңбек еткенде колледж  «Облыстағы ең үздік колледж» атағына бірнеше мәрте ие болды, Республикалық конкурсында 3 орын және «Білім ұясы» атағын алды, ересек тұрғындардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және курстық дайындықтар бойынша жаңа мамандықтар және бөлімдер ашылды, курстық және кәсіптік дайындық орталығымен ынтымақтастық және Рогаланд (Норвегия) округінің оқуының қарым қатынасы орнатылды.

Мерейтой иесін құттықтауға қонақтар, достары, қызметтестері жиналды: Аби Саркыншаков, Бексеитова Бахыт Макановна, Гульбарам Ауезхановна Наурызбаева және басқалары.

Осы мерейтой күніне орай ең атаулы оқиға – ол колледждің тарихи залының ашылуы болды, онда бұрынғы теміржол техникумының ең жақсы кезеңдері есте сақталып қалады. Мұражайдың экспозицияларында мұрағаттық суреттер, құжаттар, газеттік хроникалар, әрине біздің колледждің ең алғашқы ардагер-ұстаздарының есімдері көрсетілді.

 Ә.Саркыншаковқа қызыл лентаны кесу құқығы беріледі...