Біздің «Ауылға» қош келдіңіз!

Шырайлы көктем келіп, даламызға «Ұлыстың ұлы күні» – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Бұл күн мен түннің теңескен мерекесі және жаңа жылдың басы болып табылады.

Әдетте Наурыз мейрамын тойлауда барлық адамдар жомарттық танытуға тырысады, өйткені бұл алдағы жылда болатын молшылық пен табыс символы іспеттес. Сондықтан да Наурыз – мерекелік дастарқан мен қонақжайлылықтың мейрамы.  

2017 жылдың 16 наурызында колледжде Наурыз мейрамын тойлауына орай «ауылдардың» конкурс-байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақстандық патриотизмге, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне деген құрметін тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық пен бастамашылдықты қалыптастыру.

Аталмыш байқаудың барысында 1-3 курс оқушылары мен колледж қызметкерлері өздерінің кабинеттерінде «ауылдарын» орналастырды. Әр ауылдың өзіндік атаулары және белгілі бір ерекше атрибутикасы көрсетілді. «Ауылдың» шаңырақтарында түрлі ұлттық тамағы бар дастарқандар кең жайылды. Әр «ауыл» қазақ халқының салт-дәстүрлерін де көрсетті. Барлық «ауылдардан» күй орындалып, әндер шырқалды, бұраңдаған бишілер де өз өнерлерін паш етті. Осының барлығы көпшілік қатысқан іс-шараның шаттық көңіл-күй мен ауқымдылығын айқындатты.

Байқаудың қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тәтті сыйлықтарымен қоса грамоталар табыстады.