«Жастар санасын не улап жатыр?»

2017 жылдың 9-ақпан күні «Жастар санасын не улап жатыр?» тақырыбында сабақтан тыс  іс-шара өткізілді. Сабақтың мақсаты: Жастардың тіл байлықтарын, тілдік қорларын дұрыс пайдалана алуға, өз пікірлерін жұртшылық алдында емін-еркін жеткізе алуға, өзгенің пікірін тыңдай отырып, ой тұжырымдарына қалыптастыра білуге үйрету; Отаншылдық, еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Осы іс-шараға П215, П225, П314, С116 топтары қатысты.

   Екі адамнан тұратын екі топ құрылып:
- «Үкімет» тобында Ақылбекова Маржан, Тлеубекова Дана;
- «Оппозиция» тобында Төлеутаев Алишер, Бейсен Іңкәр.

Дебат ойындарының ережелерін сақтай отырып, екі топ, яғни, Үкімет жақтау тобы және Оппозиция даттау тобының «Бұл палата жастар санасын не улап жатқанын көрсетеді» резолюциясы аясында ортаға салатын ойларын тыңдап, өз пікірлерін қосты.


Дебат ойынының негізгі конструктивті бөлімі аяқталған соң, сол уақыт ішінде парламентарий де тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салды.Олар: Мырзахмет Құттыбек, Арабек Тимур, Беркінбай Құралай  Жүрсін Маржан.Тақырып тереңдігі ешкімді бейжай қалдырмағаны анық. Пікірсайыс өз мақсатына жетті деген шешіммен  дебат ойыны аяқталды.

                                                                                              Мақала авторы Омарова Қ.А.