E-learning
Е-learning — электронды оқыту жүйесі, ЭОЖ. Ол – ауқымды мемлекеттік жоба, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы білім берудідамытудың мемлекеттік бағдарламасы енгізілген, оның басты міндеті білім беру саласында цифрлық технологияларды пайдаланудан тұрады.
Жобаның басты мақсаты - білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың жақсы білім алу қорларына және технологияларға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Электронды оқыту жүйесінің құрамдары келесіні құрайды:
Оқу үрдісін басқару (топтардың жұмыс жоспарларын, кестені құрастыру, үлгерімі бойынша есептерді алу), оқушылардың электронды журналдары мен күнделіктері, цифрлық білім беретін қорлардың ктіапханасы, кадрлық әлеуетті басқару (оқытушылар туралы ақпарат), білім беретін мекемелер жөніндегі ақпарттық порталды құрайды.
Оқу үрдісінде электронды оқыту жүйесін пайалану бірқатар ерекшеліктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Колледжге 2013 жылдың қаңтар айында электронды оқыту жүйесі енгізілді (электронды оқыту жүйесін енгізудің 21.01.2013 ж күнгі хаттамасына сәйкес).
Жоғары аталған техниканың қойылғаны бухгалтерлік құжаттармен сәйкес келетіні дәлелденді. Жабдықтарды орналастыру және құрастыруды орындау бекітілген құжаттардың регламенттеріне сай орындалды.
Компьютерлерге НИТ АҚ мамандары – Microsoft Windows 7 Professional SP2, Microsoft Office 2010, JoyClass – лицензиялық бағдарламалық қаматамсыздандыруды орналастырды.
«Zhetisu Network Technologies» ЖШС мамандары оптоталшықты тізбек бойынша Интернетке қосу арқылы жергілікті есептеуіш желіні өрбітудің және Windows Server 2008 лицензиялық бағдарламалық қаматамсыздандыруы бар серверлік жабдықтарды баптау және орнату жұмыстарын жүргізді. Желілік жабдықтарды орнату, баптау және құрастыру бойынша жүргізілген барлық жұмыстар бекітілген графикке сай белгіленген мерзімін жүргізілді және пайдалануға енгізу акттерімен дәлелденді.
Қазіргі уақытта электронды оқыту жүйесінің жұмысына педагогикалық қызметкрелердің, әкімшіліктің, қзыметкерлердің және колледж оқушыларының 100% жұмылдырылды.
Электронды оқыту жүйесіне мына жерден өтіп қарауға болады.