Әр адамның көбірек және жақсы есте сақтауға көмек көрсететін аздаған қулықтары болады. Балалық шақтағы тақпағы бар кітапты жастықтың астына салудан бастап өзінің ойларын күлкілі суреттер салуға дейін болады. Ғылымда адамның миы жаңа ақпаратты қалай қабылдайтыны жөнінде бірқатар жалпы белгілерін сипаттайды.

1. Біз нені көреміз, соны есте жақсы сақтап қаламыз.

Ми көрген ақпаратты талдау үшін өзінің қорларының 50% іске кірістіреді. Басқа сөзбен айтқанда, оның қуаттылығының жартысы көзбен көру тәртібін өңдеуге, ал қалған бөлігі ағзаның басқа да қабілеттерінің арасында бөлінеді. Көзбен көру басқа сезімдерге тура ықпалын тигізеді.

Көру – біздің түсіндіруімізше, адамдардың қалған сезімдерін басып кете алатын, соншалықты маңызды бөлігі болып табылады.

Көрумен байланысты болатын, күтпеген жерден жаңалық ашады, ол мәтінді жеке бейне ретінде көретінімізден тұрады. Осы кезде бұл жолдарды оқығанда, сіздің миыңыз әр әріпті сурет түрінде қабылдайды. Бұл оқиға оқуды суреттен алған ақпаратпен салыстырғанда сенбестей тиімсіз етеді. Біз осы кезде статикалыққа қарағанда, қозғалыстағы нысандарға көбірек көңіл бөлеміз.

Сіздің оқып үйренуіңізді суреттер мен анимация жеделдетуге қабілетті болады. Өздеріңіздің  жзабаларыңызға шимай жазуларды, журналдардан алынған фотоларды не кесінділерді қосыңыздар. Жаңа білімді нақты құралдармен түсіндіру үшін түстер мен диаграммаларды пайдаланыңыздар.

2. Біз картинаның бөліктерінен жалпы суреттерін есте қалдырамыз.

Көптеген жаңа түсініктерді оқи отырып, мәліметтердің көбейетін  тасқынына батып кету қиын емес. Көп жұмыс жүктеуді болдырмас  үшін, жалпы картинаны суреттеу және арт жаққа қарау керек. Сіз жаңа білімдерді бір пазлға қалай жазу керек, олардың қалай пайдалы болатынын анықтап алу керек. Ми егер ол сол ақпаратпен және одан бұрынғы оқыған ақпарат шеңберінде бір құрылыммен байланыста болса, ақпаратты жақсы меңгереді.

Оны жақсы түсіну үшін метафораны мысалға алайық. Сіздің ми қатпарларыңыз көптеген сөрелері бар шкаф деп ойлаңыз. Шкафқа киімді көбірек салу үшін, әртүрлі белгілері бойынша мүмкіндігінше оны бөле бастайсыздар. Міне жаңа киім (жаңа ақпарат) – қара кофта. Оны басқа да тоқылған киімдердің арасына жіберуге, қысқы киімдерге немесе қара киімдермен бірге салуға болады. Сіздің кофтаңыз нақты өмірде осы бұрыштардың бірінен өзінің орнын табады. Сіздің миыңыздағы білім де қалғандарының бәрімен байланыста болады. Сіз қиындықсыз ол ақпаратты еске түсіресіз, себебі ол сіздің басыңызға жіппен тізіліп, сақталып қалған.

Сіз оқып үйренетін суретті толықтай түсіндіретін, көптеген схемаларды немесе жазбалардың тізімін ойыңызда ұстаңыз, оған  әрқашан жаңа элементтерді осы қиын жол бойында қосып отырыңыздар.

3. Ұйқы есте сақтауға өте қатты әсер етеді

Зерттеулер түнде  ұйықтар алдында жаттап алған және емтихан тапсыру арасындағы нәтижені біраз жақсартатынын көрсетеді. Бір сараптау кезінде қатысушылардың қарқынды оқу кезінен кейін қозғалыс әдеттері тексерілді. Тексеруге дейін 12 сағат ұйықтағандар, әр 4 сағат сайын ұйқыдан оянғандардан қарағанда, жақсы нәтиже көрсетті.

Қалғу да жақсы нәтиже береді. Калифорния университетінің қабырғасында, студенттердің күрделі тапсырмаларды шешу кезінде қалғып-мүлгіп отырғандары, тіпті де ұйықтамағандарға қарағанда есептерді жақсы шығарады.

Ұйқы оқудан кейін де, оқуға дейін де жақсы екенін білу маңызды. Ол миды әрбір білім тамшысын өзіне сіңіріп алуға дайын болатын құрғақ жұмсақ матаға айналдырады.

Ұйықтар немесе қалғу алдында оқуға және жаңа дағдыларды жаттықтыруды байқап көріңдер. Ұйқыдан оянған соң қағазға не оқығаныңызды жазыңыз.

4. Ұйқының кемшілігі оқуға зиянды әсер етеді

Ұйқы туралы мәліметтің жеткіліксіздігі және оның маңыздылығын бағаламау ми қатпарларыңыздың «иілгіштігіне» жағымсыз әсер етеді. Ғылым әлі де демалудың барлық ем болатын қызметтерін бөлшектеп сипаттаудан алшақта, бірақ оның жетіспеушілігі неге әкеліп соқтыратынын анық көрсетеді. Ұйқының кемшілігі бастың айналымын төмендетуге, шаблондық схемалар бойынша дұрыс тәуекелдіксіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Сонымен қатар ағзаның барлық «тетіктерінің» шаршағандығынан физикалық бұзылудың болуының мүмкіншілігі көбірек болады.

Оқуға келетін болсақ, ұйқының кемшілігі мидың жаңа ақпаратты қабылдау қабілеттілігін 40% қысқартады. Сондықтан өзіңді түні бойы КПД төмендігімен қинаудың қажеттілігі жоқ, одан да дем алып және тынығып ояну керек.

Гарвард медициналық мектебінің зерттеулерінің нәтижелері қызықты цифрларды құрайды: жаңа бірдеңені меңгерген соң алғашқы 30 сағатта ұйқыны шектеу, егерде осыдан кейін бір тәуліктен көбірек ұйықтасаңыз да барлық жетістіктерді жоққа шығарады.

Оқу оқыған кезде ұйқының мерзімділігі мен көлемін нормаға келтіріңіз. Сіз сонда зейіндірек боласыз және есте сақтау сәтсіздігінен құтыла аласыз.

5. Біз басқа адамға сабақ берген кезде, өзіміз жақсы оқимыз

Ақпарат егер болашақта оны біреумен бөлісетін болсаң, жақсы меңгеріледі. Біз осы уақытта білімді сапалы құрылымдаймыз және маңызды бөлшектерін көбірек есте сақтаймыз.

Осыған көрсеткіш тәжірибе дәлел болады. Ғалымдар қатысушыларды екі теіңтопқа бөлді және оларға бірдей тапсырмалар берді. Аңыз бойынша қатысушылардың жартысы біраздан соң алған білімдерін басқа адамдарға жеткізу керек болды. Болашақ  «ұстаздар» меңгерудің ең терең деңгейін көрсеткенін аңғару қиын емес. Зерттеушілер соншама нәтижелі қорытындыны берген, «жауапты ақыл шабытының» күшінде екеніне өз көзімен көріп сенді.

Оқуға «тәлімгерлер» тұрғасынан келіп көріңдер. Сіздің соқыр сезіміңіз миды ұқсас анықтамалардың егжей-тегжейіне дейін ажыратуға, материалды ұқыпты талдауға және аз ғана өзгешеліктерін қазбалауға мәжбүрлейді.

6. Біз алмасу әдісі бойынша оқып үйренеміз

Көбінесе қайталау ақпаратты жаттау немесе дағдыны шыңдау әдісінің ең бір шынайысы сияқты. Бұндай әдісті тақпақ жаттау немесе бір қолмен қақпаға лақтырған кезде бірнеше рет қолдандыңыз. Дегенмен соншалықты анық емес алмасу әдісі көптеген тиімділікті бере алады.

Сонымен, қатысушыларға тәжірибенің бірінде әртүрлі көркемдік стильде салынған картинаны көрсетті. Бірінші топ ретімен әр стильден алты мысалдан, ал екінші топ аралас (әр түрлі мектептер ретсіз) көрсетті. Жеңімпаздар соңғысы: олар стильге қатыстысын екі есе көбірек тапты. Барлық сынақшылардың  70% зерттеудің басталуына дейін реттілік алмасуға жол беретініне сенімді болды.

Жаттығу кезінде тек қана айыптауды ойлаау керек. Шет ел тілін оқып үйренген кезде, сөздерді есте сақтауды жазбаша немесе нұұсқасын тыңдаумен араластырыңыздар.

 

Материал көздері  https://www.abcfact.ru/2429.html

  • 29 авг, 2019