Ішкі тәртіп ережелері

ПКжКК ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы ереже  ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР орта кәсіптік білім беру мекемелері туралы типтік ережеге,  колледждің жарғысына сәйкес жасалды.

1.       Жалпы ережелер
1.1 ПКжКК ішкі тәртібінің ережелері  өзінің мақсатымен оқу сағаттарын тиімді пайдалануға, оқу тәртібін нығайтуға, оқу үдерісіне саналы түрде қарауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
1.2 Оқыту тәртібі оқушылардың өзінің білім алу міндеттерін саналы және адал орындауға негізделеді.
1.3 Оқыту тәртібі сенімділік әдістерімен қамтамасыз етіледі.  Тәртіпті бұзған адамдарға тәртіптік жазалар және қоғамдық іс-әрекеттер қолданылады.
2.      Оқушылардың құқықтары мен міндеттері
2.1 Колледж оқушыларына студенттік билет және сынақ кітапшасы беріледі.
2.2 Бюджеттік қаржы есебінен кәсіптік білім алатын, күндізгі бөлімде оқитын оқушылар, белігленген тәртіпте шәкіртақылармен қамтамасыз етіледі.
2.3 Оқушыларға білім беретін бағдарламаларды жақсы меңгергені, эксперименттік және басқа да жұмыстары үшін  рухани қолдаудың және материалды марапаттардың әртүрлі түрлері белгіленеді.
2.4 Ауылдан келген, тұратын жерді қажет ететін оқушыларға, жатақханада орын бар болса, жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Студенттік жатақхана туралы ережені колледждің директоры және жатақхананың студенттік советінің төрағасы бекітеді.
2.5 Колледжде оқу оқитын оқушылардың құқықтары мыналарға бар:
- мемлекеттік білім беретін стандарттарға сай білім  алуға;
- өздігінен басқару органдарына сайлануға және сайлауға;
- ұждан, ақпарат бостандығына, өзінің меншікті көзқарасын және сенімін еркін айтуға;
- колледждің оқу кабинеттерін, зертханаларын, шеберханаларының құрал-жабдықтарын, кітапхананы және басқа да құрылымдық бөлімшелерін оқу мақсатында тегін пайдалануға;
- шығармашылықты және эксперименталды жұмыстарына белсенді қатысқаны және оқудағы табысы үшін рухани қолдауға және материалды парапаттауға, оның ішінде шәкіртақы  алуға;
- Академиялық демалыс алуға (денсаулығына және отбасылық жағдайға байланысты);
- Сабақтан тыс уақытта спорт секцияларына баруға;
- Колледждің өнерлі ұжымның жұмысына қатысуға;
- Клубтар жұмысына қатысуға;
- Колледждің барлық шараларына қатысуға құқықты.
2.6     Оқушылар міндетті:
Таңдап алған мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларын және шеберліктерін, кәсіби білімдерін терең және жүйелі меңгеруге;
- оқыту бағдарламаларымен оқу жоспарларында қарастырылған,барлық тапсырмалардың түрлерін белгіленген уақытында орындауға;
- колледждің меншігін сақтауға;
- тәртіпті болуға, жарғыны орындауға, ішкі тәртіп ережесін, әрдайым жалпы мәдениетті арттыруға ұмтылуға, адамгершілік және физикалық жетілдіруге;
- колледждің қызметкерлерінің абыройын құрметтеуге міндетті;
Өзінің еңбекқорлығын тәрбиелеуге, практика өтетін жерде және оқу орнында өздігінен қызмет кқрсетуге белсенді қатысуға, белгіленген жұмыс режімін сақтауға, оқытушыға, кезекші әкімшілікке, күзетшіге колледжге кірер кезде студенттік билетін көрсетуге;
- Оқу сабақтарына үнемі келуге;
- ҚР заңнамасында көрсетілген, басқа да талаптарды оырндауға міндетті.
Оұытушы аудиторияға кірген кезде оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдеседі.
Оқушылар сабақ уақытында оықтушының түсіндіргенін мұқият тыңдауға, басқа істермен айналыспай, сөйлеспеуге, оықтушының барлық нұсқауларын орындауға міндетті болады.
Сұрақ қойғанда немесе жауап бергенде, тек қана оқытушының рұқсатымен отырып, тұруға міндетті.
Оқушылар сабақ жүріп жатқан кезде аудиториядан оқытушының рұқсатымен кіруге және шығуға міндетті.
Оқушылар сабақ уақытында және практика кезінде тек қана сабақтағы жетекшінің көрсеткен құраларын, жабдықтарын пайдалануға, оларға ұқыпты қарауға және қауіпсіздік техникасын сақтауға міндетті.
Оқушы  ауырып қалып немесе басқа да себептермен сабаққа келмей қалған кезде үш күн мерзімінде ол туралы сынып жетекшісіне (бөлім меңгерушісіне) хабарлауға міндетті.
Оқушы ауырып қалған кезде белгіленген үлгідегі аурухана мекемесінің анықтамасын көрсетеді.
Оқушыны аурыып қалғанда, демалыста болғанда, академиялық немесе аяңы ауыр және бала туу демалысында болған кезде әкімшіліктің бастамасымен оқудан шығаруға рұқсат етілмейді. Оқушыны  оқудан шыару тәртібі колледждің жарғысымен анықталады.
2.7 Оқушыларға тыйым салынады:
- студенттік билетті басқа адамға беруге;
- оқу корпусына және шеберханаларға жақын орналасқан, колледж аудиторияларында, шеберхана аумағында темекі шегуге;
- Спирттік ішімдік ішуге, есірткі және уландыратын заттарды қолдануға, сондай-аұ оларды таратуға;
- Сабақ кезінде шайнайтын резеңкені қолдануға;
- аудиториядан өздігінен оқу журналын  және сабақ қатысу журналын алуға және шығаруға;
- колледждің қабаттарында отыруға және кабинетке сабақ уақытында сыртқы киіммен және бас киіммен кіруге;
- әдепсіз сөздерді айтуға;
- сабақ уақытында ұялы телефонды пайдалануға (сабақ басталысымен сөндіру қажет, немесе дыбыссыз қалыпқа қою керек);
- намаз оқуға (ҚР заңы 11.10.11 ж. күнгі № 483-IV «Діни істер  және діни бірлестіктер туралы», 3 тарау «ҚР діни іс-әрекеттер», 7 бөлім «Діни рәсімдер және салтанаттар», 3тармақ: «Рухани (діни) мекемелерін айтпағанда, білім беретін мекемелердің ғимарттарында және аумақтарында миссионерлік істерді, сонымен қатар жиналыстар мен (немесе) салтанаттарды, діни рәсімдерді, құдайға сенушілікті жүргізуге рұқсат етілмейді»);
- діни киім киюге  (қысқа шалбар, хиджаб)
Әр топта колледж бойынша жасалған бұйрықпенең тәртіпті оқушылардың ішінен және оқушылардың сұрауымен топ старостасы тағайындалады.
Топ старостасы сынып жетекшілісінің басшылығымен жұмыс істейді және кезекшілікті ұйымдастыруға жауап береді, көпшілік және топтағы басқа да іс-шараларды өткізуге белсене қатысады.
 
3. Оқудағы табыстары үшін марапаттау
3.1 Оқушыларға үлгерімінің жоғарылығы және қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысқаны үшін әртүрлі рухани және материалдық сыйлықтар белгіленеді:
- Алғыс жариялау;
- Құрмет грамотасымен марапаттау;
- Бағалы сыйлықтармен марапаттау.
 
4. Оқу және еңбек тәртіптерін бұзғаны үшін жазалау
4.1 Оқу және еңбек тәртібін, колледждің жарғысын, ішкі тәртіп ережесін бұзған оқушыларға келесі тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін болады:
Ескерту (оқытушы,сынып жетекшісі, әкімшілік ауызша береді);
- Ескерту  (жазбаша түрде жарияланады);
- Сөгіс;
- Колледждің жарғысын қайтадан өрескел бұзған кезде оқу орны оқудан шығару туралы ескертпе жазу арқылы қатаң сөгіс жариялайды;
- колледжден оқудан шығарылады.
4.2 Оқушы колледждің мүлкіне материалдық зақым келтіргені үшін ҚР қолданыстағы заңына сай жауапты болады.