Колледждің жылнамасы

Мақала жасалымда

80-ші жылдар

Жол қатынастары министрлігімен СССР Министрлік жоғары оқу орнының келісімі бойынша №Д  бұйрығының негінде 1981 жылы Павлодар теміржол көлігінің техникумы құрылды.  Бұндағы сіңірген зор еңбек тың темір жол бөлімінің бастығы Ә.С.Сарқыншақовқа тиесілі болады.

 "СССР Минжоо алқасы 1981 жыдың 31 тамызында НР 1214 "Теміржол көлігінің жол шаруашылығын салу және пайдалану" және НР 1603 "Вагон шаруашылығы" мамандықтары бойынша әрқайсысына 60 оқушыдан оқуға қабылдау арқылы Павлодар теміржол көлігінің техникумын құру туралы шешім қабылдады.

Ә.Сарқыншақов. Павлодар."

 

Техникум бұрынғы мектеп-интернаттың ғимаратына орналастырылды. Салтанатты ашылуға Тың темір жол бөлімінің бастығы Ә.С.Сарқыншақов, обком партияның оқу орны мен ғылым бөлімінің меңгерушісі Шершнева, аудандық кәсіподақтың төрағасы Якубовский, облыстық техникумдар директорлар кеңесінің төрағасы Лапина және басқалары қатысты.

Ең алғашқы директордың міндетін атқару Целиноград техникумында жұмыс істейтін, Жеңіс Құрманғалиұлы Жақыпбековке жүктелді.

«Ғимарат қараусыз қалған, - деп еске алады  директор Ж.Қ. Жақыпбеков – Бәрі де санаулы күндер ішінде шешімін тапты: тамыздың ортасынан бірінші қыркүйекке дейін оқушыларды, оқу базасын құру, оқытушылар құрамын алу және жұмысты бірінші қыркүйетен бастау керек болды.  Қараусыз қалған,терезелері сынған, жөнделмеген  ғимаратпен жұмыс істеу қиынға соқты.

Медпункттің ескі ғимаратында жатақхана орналастырылды, онда мен де балалармен бірге тұрдым.»

Техникумның алғашқы ресми директоры  Евгений Павлович Николаев болды.

1981 жылы техникумға барлығы 120 оқушы қабылданды. 120 оқушы екі бөлімде – жолшылар мен вагоншылар, сабақтарды алғашқы 8 оқытушы жүргізді. Олардың арасында Роза Құсайынқызы Әбдірахманова,  Лариса Петровна Федюкина, Борис Иванович Кокарев, Клавдия Ивановна Маркеева, Семига Наталья Леонидовна, Чернышов Николай Николаевич, Дерябина Вера Алексеевна, Щербинина Аза Ивановна.

 Техникумды 1983 жылдан бастап ұзақ жылдар 28 жыл бойы Валерий Иванович Кабурнеев басқарды. 

 

Валерий Ивановичтың теміржол көлігінің генерал-майор шені бар,  Суан-Хао қаласының вьетнам-советтік профтехучилищесінде оқу процесін ұйымдастырғаны үшін – вьетнамның Достық орденімен марапатталды.

"Біз жұмыс берушіге ерекше көрінетін мамандарды дайындап шығаруымыз керек. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен өзімізге деген тәртіпке жоғары талап қоюымыз керек. Оқытушылар мен оқушылардың құқықтарының декларациясын енгіздік, мысалы үшін, онда 30 сағат сабақты босатса оқудан шығарылады делінген. Жалпы алғанда, бізде тәртіпті сақтауға бақылау жасау  бойынша толықтай жүйе құрылған."

Оқушылардың алғашқы оқу бітірушілері 1985 жылы шығарылды. Осы жылдары 4,5 мыңнан астам мамандар оқуды бітіріп шықты, олар тек қана теміржол саласында ғана емес, басқа да экономикалық салаларда табысты еңбек етіп жүр.

1984 жылы сырттан оқу бөлімі ашылды, ал 1986 жылы – автоматика және телемеханика бөлімі ашылды, онда 1991 жылдан бастап «электрбайланыстың технигі» мамандығы бойынша дайындық басталды.

"Біз 1986-1987 оқу жылында жоспар бойынша 180 адам қабылдауымыз керек болды, ал келіп түскен өтініштер саны 360 болды. көптеген оқушылар емтихансыз қабылданды, әңгімелесу негізінде, талапкерлердің көбі жаңадан ашылған автоматика және телемеханика бөліміне өтініш берді.

Колледж директоры В.И.Кабурнеев деп айтады. "

90-шы жылдары

 «1990 жылы ескі ғимаратқа жалғастыра салынған жайға, спортзал, 720 оқушыға асхана, акт залы орналастырылды. Келесі жылы жалпы ауданы екі мың шаршы метрге жуық болатын оқу-өндірістік шеберханалары салынды.

Оқу-өндірістік жұмысы бойынша директордың орынбасары Яковлевич Новиков деп айтады»

Заманнан қалыспай, техникум 1993 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша заң бөліміне, сәл кешірек – «Кеден ісі» және «Бухгалтер-экономист» бөлімдеріне оқуға қабылдайтынын жариялады.

Техникумның он бес жылдық мерейтойының қарсаңында, 1995 жылдың желтоқсан айында, ол уақытта облыстың ең танымал орта арнайы оқу орындарының бірі, колледж болып аталды.

Павлодар теміржол көлігінің техникумы Павлодар теміржол көлігінің колледжі болып өзгертілді. Негізі: ҚР білім Министрлігінің 1995 жылғы 11.12.  күнгі № 312 бұйрығы.

1995 жылдың жаз айында орта біліктілігі бар заңгерлердің алғашқы қарлығаштары оқу бітірді. Мамандықты ашу Тың темір жол кәсіпорындарын мамандармен қамтуға мүмкіндік туғызды.

"Алғашқы оқу бітіруші түлектер өте мықты, дейді техникум директорының орынбасары В.И. Дорофеева. – Оқуға түсу кезінде «жақсы оқушылар» конкурсына бір орынға жеті адам болды. Кімнен таңдап алуға болатын болды және іріктеу өте мұқият жасалды. Осы себептен, нәтиже шығуы, әбден мүмкін болды – барлық оқушы диплом алуға жетті және 30 оқу бітірушінің 50 пайызы «қызыл» диплом алды."

Теміржол көлігінің колледжі   «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды.  Негізі: Павлодар қаласы әкімінің 1999 жылғы 13.02. күнгі № 140 шешімі.

Екі мыңыншы жылдары

«Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚК «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны болып қайта құрылды.  Негізі: Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26.05. күнгі №258 қаулысы.

«Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын  «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі».   Негізі: Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 01.12. күнгі № 275 қаулысы.

2005 жылы -   ең үздік оқытушысы атағына вагон шаруашылығының арнаулы пәндер оқытушысы О.В.Карасаева ие болды; облыста «Құқық» кабинетіне 1 орын берілді;  КВН «Железка» командасы облыста ең үздік болды.

 2006 жылы – колледж облыста ең үздік колледж болып танылды және республикалық «Білім ұясы. Жылдың ең үздік колледжі» сайысында 3 орын алды. «Облыстың ең үздік колледжі» грамотасымен марапатталды.

Осы жылы курстан және қайта дайындаудан, өңірдің кіші және орта кәсіпорындарына арналған ересек тұрғындардың біліктіліктерін арттыру бойынша курстық бөлімі ашылды.

2007 жылы «Орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының үздңк оқытушысы» атағына колледждің арнайы пән оқытушысы О.В.Карасаева ие болды.

2007 жылы - білім беру сапасы бойынша конкурс жеңімпазы ретінде облыс әкімінің «Облыстың ең үздік колледжі» грамотасымен марапатталды.

Осы кезеңде колледждің оқытушылары мен оқушылары бірнеше рет облыс әкімінің грантына ие болды.

2008 жылы колледждің «Қазақстанның ең үздік тұлғалары» энциклопедиясына он оқытушысы енгізілді: Кабурнеев В.И., Дорофеева В.И., Кудерина К.Б., Карасаева О.В., Анисимова Е.С., Полещук Е.И., Садовник А.А., Сержанова К.М., Семига Н.Л., Щербинина А.И.

2008 жылы «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» 

Қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының атауы «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі»  Коммуналды  мемлекеттік  қазыналық кәсіпорны деп қайта аталды. Негізі:Павлодар облысы әкімдігінің   01.12.2008 ж. күнгі №275/10 қаулысы.

 2008 жылы колледждің сайты Павлодар облысы білім беру департаментінің ЦИТ ұйымдастырған, облыстық «Облыстың білім беру мекемелерінің ең үздік web-сайты» атты конкурсында «Ең ақпараттылықты сайт» номинациясында жеңімпаз атанды.

2010 жылы – аймаққа бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлағаны үшін «Серіктестік лидері – 2010» номинациясында колледж жеңімпаз болып танылды.

Алғашқы рет «Ақпараттық жүйелер» мамандығы ашылды. Бұл мамандық ойынша оқу курстық және кәсіптік дайындау орталығымен және Рогаланд   (Норвегия)  өңірінің ынтымақтастығының аясында жүргізілді.

2010 жылы колледждің сайты «Облыстың білім беру мекемелерінің ең үздік web-сайты» атты облыстық конкурсында «Ең Ең үздік web – сайт» номинациясында жеңімпаз болды.

2012 жылы «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» және «Көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»  мамандықтары ашылды.

2012 жылдан бастап колледж дуальды оқыту жұйесі бойынша жұмыс істейді. Ол білім беру мекемелерінде міндетті түрде өткізілетін өндірістік практиканы оқыту кезеңдері және  жұмысқа орналастыру кепілі бар оқытудың үйлесімі болып табылады.

Колледжде дуальды оқыту жүйесін енгізу үшін өңірге кадрларды көбірек қажет ететінін ескере отырып 4 ең басым болатын мамандықтар анықталды.

2012 жылдың 26 қарашасы күні дуальды оқыту жүйесін енгізу аясында Қазақстан республика білім және ғылым министрлігі, «Ұлттық Компаниясы «Қазақстан темір жолы»  және Қазақстанның 17  колледждердің  арасында, оның ішінде «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжімен»  ынтымақтастық туралы көптарапты келісімге қол қойылды. Келісімге қол қоюдың мақсаты жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-құрылымдар және оқу орындарының  бірлесіп күш салуымен  өңірімізге білікті мамандарды сапалы  даярлауды қамтамасыз ету  болып табылады.

2012 жылдан бастап «Қазақстан темiр-жолы» ҰК АҚ,  «Казахтелеком» АҚ, «КТЖ» ҰК АҚ Павлодар жол бөлімінің филиалы, «Павлодар сигналдау және байланыс дистанциясы» сияқты базалық кәсіпорындар оқу орнына оқу кабинеттерін және зертханаларды, өлшеуіш аспаптар, автоматика және телемеханика құралдары, сигналдау, орталықтандыру, бүлендеу жабдықтарына материалды көмек көрсетті.

2012 жылы  колледж «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңарту» жобасын орындау аясында  Дүниежүзілік банкінің 380 000 $  сомасындағы қарыз есебінен грантын  алуға конкурсты жеңіп алды.

Коллеждің әзірленген  институционалды даму жоспарына сәйкес және осы қаржылар келесі тапсырмаларды орындауға бағытталды:

 - мамандарды бағдар бойынша дайындау бойынша жұмыс істейтін әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайту;

- кадр күшін дамыту бағдарламасын жасау;

 - оқу үрдісіне өндірістің озық технологияларын енгізу арқылы оқу орны және кәсіпорынның мамандарымен бірлесіп оқу бағдарламаларын құрастыру;

- колледждің имиджін жақсарту;

- білім беру үрдісін жаңғырту;

- колледжді басқару жүйесін жетілдіру;

- материалды-техникалық базаны нағайту.

2012 жылы колледждің pktik.kz сайты Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының қамқорлығымен өкізілген, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» атты конкурсына қатысты және Интернет желісінде мемлекеттік тілді насихаттағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.  

 2012-2013 оқу жылы колледж мемлекеттік бағдарлама шеңберінде студенттерге білім берудің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, E-learning электронды оқыту жүйесіне қосылды. Колледждің материалды базасы білім беретін бағдарламаларды жүргізуге тұғырнама болатын, жалпыколледждік жергілікті желінің WiFi базасын және кеңжолақты Интернет желісіне енуді пайдалану арқылы жаңа компьютерлік техникалармен, мультимедия және интерактивті жабдықтармен толықтырылды.

2013  жыдың 22 қазан күні Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің негізінде дуальды оқыту жүйесін дамыту аясында әлеуметтік серіктестік туралы үш тарапты шартқа ресми қол қою жүргізілді.  Әлеуметік серіктестік туралы шарт мына тараптар өкілдерімен жүргізілді:

- «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Павлодар облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры  Сейтжанов Абылай  Раббаниович;

- Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Иванова Тамара Николаевна;

- «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» КМҚК директоры Нығметов Марат Жанатұлы қол қойды.

Шарттың мақсаты  -  оқу үрдісін және телекоммуникация саласының тәжірибесін интегралдайтын, техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа үлгісін іске асыру үшін тараптардың әкімшілік, ғылымитехникалық және кадырлық шамасын біріктіру болып табылады.

Бірнеше жіл бойы колледждің негізгі әлеуметтік серіктестерімен мамандарды дайындау, қайта даярлау және бұқаралық жұмысшы мамандық кадрларының біліктіліктерін арттыру бойнша өзара ынымақтасу туралы келісім негізінде, мына кәсіпорындар болды:

  1. «Қазақстан темiр-жолы» ҰК АҚ
  2.  «КТЖ» ҰК АҚ Павлодар жол бөлімінің филиалы.
  3. «Қазақтелеком» АҚ
  4. «Казахавтодор» РМК ПФ
  5.  «Гордорстрой» ЖШС ПФ
  6. ПФ «Транстелеком»
  7. Павлодар қ. әкімдігінің қалалық трамвай басқармасы АҚ.
  8. «Павлодаржолдары» ЖШС
  9.  «Энергостроймонтажсвязь» АҚ
  10. «KSPSteel» ЖШС
  11. «Казтелерадио» АҚрадиотелехабарының  Павлодар облыстық дирекциясы.

Визиттік карточканы қарау ...