Колледж басшысы

Құрметті блог пайдаланушылары!

     Мен Сіздерді облыстағы жетекші оқу орындарының бірі – Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің сайтында көргеніме қуаныштымын.
     Колледж өзінің білім беру қызметінде 36 жыл бойы біз мақтан ететін он екі мыңнан астам жас мамандардың кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына үлес қосып келеді.
     Бүгінгі күні түлектеріміз көлік, жол, телекоммуникация салаларында табысты қызмет етуде, олар әрдайым мақтанышпен «Мен ПКжКК-да оқыдым» деп айтып жүреді.
     Біздің игілігіміз – біліктілігі жоғары ұйымшыл педагогикалық ұжым, мықты материалдық-техникалық база, сондай-ақ, жылдар бойы жинақталған кәсіптік-техникалық білім берудің дәстүрлері. 
     Біз заман ағымына сай үнемі өзгеруге және студенттерімізбен бірге тек алға ғана жүруге дайынбыз.

 

Құрметпен, колледж басшысы – Марат Жанатұлы Нығметов
Байланыс: тел. 8 (7182) 338733, e-mail:pktik@bk.ru
 
Өмірбаян

Нығметов Марат Жанатұлы Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің директоры лауазымына 2012 жылғы 18 қаңтардан бастап кірісті.

Марат Жанатұлы 1963 жылы 30 қарашада Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Жаңатілек ауылында туды. Қарағанды мемлекеттік университетін биолог, биология және химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Педагогикалық жұмысын 1986 жылы Баянауыл ауданында, Жаңатілек ОМ биология пәнінің мұғалімі,  1990 жылы – Шөптікөл мектеп-интернатының директоры  болып бастады. 

2000 жылы – Екібастұз қаласының № 18 ОМ оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары. 

2001 жылы - Екібастұз қаласының № 15 ОБМ директоры болып тағайындалды. 

2003 жылы – Екібастұз қаласының білім беру бөлімінің бастығы.

2009 жылы Екібастұз қаласының ИнЕУ колледжінің директоры болып тағайындалды.


Мынадай марапаттары бар: 2008 жылы, Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасы, 2008 жылдан ҚР білім берудің құрметті қызметкері болып табылады.


Өмірлік ұстанымы: «Егер болсаң, қозғалыста бол, егер қозғалыста болсаң,  тек алға жылжы».