Визит карточкасы

ПКТИК  - Мамандық Біліктілік Жұмысқа орналастыру Инновациялық Бәсекелесуге қабілеттілік

КӨРІНІСТЕРІ
Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі өзін болашақта, келесі бағыттар бойынша білім беру және тәрбиелеу істерін тиімді іске асыратын, жоғары техникалық колледж ретінде көреді:
- оқу үрдісін ұйымдастыру түрлерін жетілдіруді, білім беру бағдарламаларын сапалы жүргізу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
- оқу үрдісінің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуді жетілдіру;
- әлеуметтік серіктестермен байланысты нығайту, өндірістік оқу және кәсіптік практиканы сапалы өткізу үшін жағдай жасауды қамтамасыз;
- колледждің кадрлық шамасын дамыту;
- колледж бітірушінің жеке әлеуметтік кәсіби білікті болуын дамыту және қалыптастыру;
- материалды-техникалық базасын нығайту және оларды пайдалану тиімділігін арттыру.
 

Біздің білім беретін мекеме – ол нарық қатынасы жағдайында мамандарды дайындау бойынша міндеттерді шешуге қабілетті, үнемі ізденіс үстінде болатын, жоғары білікті, шығармашылықты, топтасқан ұжым.

Кәсіпорынның атауыКМКҚ «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі»  Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы  білім беру басқармасы Павлодар облысының әкімдігі

Ведомство:Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі

Лицензия: 2013 жылғы 22.04 күнгі № 13008140 қолданыс мерзімі шектеусіз

Кәсіпорынның басшысы:  Нығметов Марат Жанатұлы

Құрылуы : СССР ЖОО министрлігімен жолдар қатынасы министрлігінің келісімімен, СССР жол қатынастары министрлігімен жасалған 18.07.1981 ж. күнгі № Д 26352 бұйрығының негізінде  

Негізгі әлеуметтік серіктестері және кадарларды тұтынушылар: ҰК «Казахстан темiр-жолы» АҚ«Казахтелеком» АҚ, Алюминий Казахстан АҚ, Аксу ферроқорытпа зауыты, Павлодар қаласы әкімдігінің қалалық трамвай басқармасы.

ПКжКК бүгінгі күні – ол қуатты оқу-материалдық базасы бар заманауи оқу орны.  Колледждің материалдық  базасы мынаны құрайды:

- жалпы ауданы 9987,0 м болатын оқу ғимараты;
-  75 орындық жатақхана;
-  41 оқу кабинеті, 17 оқу зертханасы, оның ішінде 7 компьютер  класстары (барлығы 255 компьютер, 19 мультимедиялық жүйелер, 5 бірлік интерактивті жабықтар);
- спорт комплексі: футбол алаңы бар стадион, тартанды жолдары, көрермендерге арналған 136 орындық трибунасы; атқыш тир, 2 спорт  залы бар;
- оқу әдебиеттері 58,4мың данадан артық кітап қоры бар кітапхана, соның ішінде мемлекеттік тілде 13,7 мың дана, 167 электронды оқу құралы;
- 4 оқу шеберханасы;
- 360 орындық мәжіліс залы;
- 156 орындық асхана.
 

1.11.2017 күнгі жағдайы бойынша оқушылар құрамы 886 адамды, соның ішінде күндізгі бөлімде – 725 адам, сырттан оқу бөлімінде   – 161 адамды құрады.

Колледж 36 жылда  білім беру ісі бойынша 12000-нан астам маман дайындалды,олардың көпшілігі байланыс, көлік және коммуникациялар, жол салаларында табысты еңбек етіп жатыр.

Колледждің басты мақсаты – педагогикалық  кадрлар. Ол жоғары кәсіби, білімді және креативті мамандар. Колледжде 64 оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 36 адам жоғары және бірінші санатты. Үш оқытушының академиялық дәрежесі бар. Оқытушылардың жоғары деңгейлі білімге сәйкестігі  – 100 %, негізгі білімге – 100 %. Оқытушылардың жастары орташа 42 жыл.

Педагогикалық ұжым әдістемелік мәселе бойынша жұмыс жүргізеді "Білім беретін инновациялық және технологияларды пайдалану арқылы мамандарды кәсіптік дайындау сапасын жетілдіру және арттыру".

Студенттердің сыныптан тыс жұмыстарына көптеген назар аударылады: үнемі вокал, домбыра, робототехникалық үйірмелер, спорт секциялары және қызығушылықтары бойынша клубтар жұмыс істейді.

 Колледжтәуелсіздіктің он бес жылдығында республиканың 510 колледжінің арасында«Білім ұясы. Жылдың ең үздік колледжі» атты Республикалық конкурста үшінші орынды иеленді және екінші мәртеөңірдің ең үздік колледжі атағын дәлелдеді.

Колледж 2010 жылы өңірге арналған бәсекелесуге қабілетті кадрларды сапалы дайындағаны үшін «Серіктестік лидері - 2010» номинациясында жеңімпаз болып танылды.
Колледж 2012 жылы оқу-материалдық базаны заманауи оқу құралдарымен жаңалау үшін дүниежүзілік банктың қарызы есебінен грант алуға Республикалық конкурста жеңіп шықты. Институционалдық даму жоспарына сәйкес оқу кабинеттері мен зертханаларға 52,2 млн теңгеге заманауи жабдықтар, оқулықтар 1,3 млн. теңгеге сатып алынды.

2013 жылы қаңтар айында электронды оқыту жүйесін  енгізуге байланысты, кеңжолақты Интернетке енуге және   WiFi  базасында жергілікті жалпы колледждік желіні пайдалану арқылы оқыту бадарламаларын өткізуге арналған тұғырнамасы болуы мүмкін болатын, колледждің базасы жаңа компьютерлік техникамен, мультимедиялық және интерактивті жабдықтармен толықтырылды.

2013 жылы 23 қазан күні 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» КМҚК және Павлодар облысы білім басқармасымен, «Қазақтелеком» АҚ филиалының – Павлодар облыстық телеокммуникациялар дирекциясының арасында дуалды оқыту жүйесін дамыту шеңберінде әлеуметтік серіктестік туралы шартқа қол қойылды.

ҚР БҒМ, «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» КМҚК және АҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы» арасында 2012 жылы 26 қараша күні дуалды оқыту жұйесін ұйымдастыру аясында серіктестік туралы көптарапты келісім шарт жасалды.

2015 жылыколледж  республиканың еңбекке тапшы кадрларын толықтыру үшін «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары–индустрияға»бағдарламасына қатысты.

2015 жылыколледждің сайты www.pktik.kz  Павлодар облысы білім беру мекемелері сайттарының арасында бірнеше мәрте ең үздік болып танылды.

Колледж дамытудың тиімді стратегиясын таңдап алуының нәтижесінде  «Сала көшбасшысы-2015» атағының лауреаты атанды және Павлодар облысының орта кәсіпорындарының арасында ТОП-15 (Рейтинг алтыны) 2 орында болды.

 

 
 

 Біздің колледждің әнұранын тыңдау:

                 Музыкасы Игорь Александрович Булатовтікі
                 Сөзі Александра Ивановна  Штеленікі