Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің А-318 және А-120 топтарының студенттері 08.09.2020  күні болған "Есірткіге жол жоқ" атты онлайн конференциясына қатысты.

Конференцияның мақсаты: өзін, басқа адамдарды, әлеуметтік жағдайды барабар қабылдай алатын әлеуметтік-құзыретті тұлғаны тәрбиелеу.

Конференцияның міндеттері: Білім алушыларға есірткіні қабылдаудың жағымсыз салдарын түсінуге көмектесу, бір-біріне құрметпен қарауға негізделген қарым-қатынастың лайықты тәсілдерін таңдай білу.

Бейнеконференция барысында студенттер есірткіні қолдануға әкелетін жеке алғышарттармен және есірткі заттарын қолдануға кедергі келтіретін факторлармен танысты.

Біздің студенттер конференцияға белсенді қатысып, ұйымдастырушының сұрақтарына жауап берді.

Қорытындылай келе, студенттер кез-келген адам өмірмен ілесе алмайтындығын, оны жиі стресс құрсауында ұстайтындығын атап өтті. Адамдар әртүрлі тәсілдермен құтқарылады: біреулері әр түрлі жақсы хоббимен, басқалары алкоголь жәнеесірткімен айналысады.

Таңдау біздікі! Біз жаспыз, біз өз планетамыздың болашағымыз, біз генофондты сақтауымыз керек. Ұлт байлығы оның денсаулығында екенін есте сақтаңыз.

 

 

  • 09 сен, 2020