«САЛАУАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ»

Жоғары электроника және коммуникацияларколледжінде "Салауаттытұрғын үй" акциясы аясында жатақхана студенттеріне арналған жоба басталды.

Акция аясында сауалнамалар, сондай–ақ жұқпалы емес аурулардың, темекі шегудің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және флеш-моб тақырыптарына әңгіме жүргізілді.Бұл іс-шараның мақсаты-студенттердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын ынталандыру үшін жауапкершілігін арттыру.

Сауалнама қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқандар:

- таңғы жаттығуды ұйымдастыру;

- спорт залдарында ойын түрлерін түрлендіру;

- бассейнге баруды ұйымдастырудың болғанын қалайды.

 

 Студенттердің барлық тілектері ескеріліп, алдағы жұмыс жоспарына түзетулер енгізіледі.

Сонымен қатар, тәрбиеші аурудың алдын алу бойынша жоспардың орындалуына бақылау жасап, өмір сүру жағдайын жақсарту, хабардарлықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді.