«Жастардың денсаулығы – болашақ саулығы»

Павлодар жоғары медициналық колледжінде 2017 жылдың 17 қараша күні «СӨС» бағдарламасының шеңберінде «Жастардың денсаулығы – болашақ саулығы»  атты тақырыпқа облыстық жастар конференциясы болып өтті.Іс-шара темекі шегуден бас тартудың халықраалық күніне орайластырылды және «Тең – теңге» волонтерлік қозғаыстың қағидасы бойынша өткізілді. Конференцияның бастамашысы салауатты өмір салтының орталығы  Павлодар облысы білім басқармасымен бірлесіп және жастар бастамасын дамыту орталығы болды.

Конференцияның қатысушылары облыстың сегіз колледжінің өкілдері болды. Павлодар көлік және коммуникацияялар колледжінен өз сұрақтарының көріністерімен секцияларда Губарева Надежда (ПО414)  «Денсаулық және салауатты өмір салты», Нуркеев Богдан (С117) – «Адамның мәдениеті және салауатты өмір салты», Вайц Артур (С117) – «Салауатты өмір салты және ұзақ өмір сүру» баяндамаларын жасады.

Конференцияның ең жақсы жұмыстары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен аталып өтті;қалған спикерлерконференция жұмыстарына белсене қатысқандары үшін дипломын алды.