Диплом жобаларын қорғау

2020 жылдың 06 мамырында "Жоғары электроника және коммуникация колледжінде" алғашқы рет онлайн режимінде дипломдық жобаларды қорғауы өтті. 110800 0 «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандық бойынша оқитын  В-416 тобының студенттері Абдирбаев Азамат және Ержікпаев Батырбек дипломдық жобаларын ұсынды. Қорғауға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері қатысты:

- ОІ жөніндегі басшының орынбасары- Кулахметова Сандуғаш Амантайқызы

- Зайтов Нұрсұлтан Талғатұлы- «ҚамқорВагон» ЖШС Павлодар вагон жөндеу депосы өндірістік - техникалық бөлімінің бастығы";

- Давлятчин Ерлан Мендигалиұлы - "Вагонсервис" АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша Ақмола филиалы Павлодар учаскесінің жетекші инженері»

- Шандакбаева Бақытнұр Кайырлыханқызы- Арнайы пәндер оқытушы;

- ЖекеновАйтуған Бақтиярұлы- «Жол және вагон шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі.

  

Дипломдық жобаларды қорғау процесі барлық нормалары мен ережелерін сақтауымен өтті. Қорғау аяқталған соң қортынды шығарылды және біздің студенттерге деген тілектер айтылды!