«Ызғарлы желтоқсан»

2018 жылғы 11 желтоқсанда колледж студенттері үшін  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Ызғарлы желтоқсан" атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараны арнайы пәндер оқытушылары Жания К., Серікбаев Е.Е. дайындады. Іс-шара жас қазақстандықтарға өткен жолдарға, қайта бет бұруға көмектеседі. Өйткені, өткен уақытсыз, болашақты жоспарлау және оны өзгерту қиын.

Құрметті қонақ ретінде желтоқсан оқиғасының қатысушысы ретінде, қазіргі таңда С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың "Қазақ тілі және журналистика" кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зейнуллина Айман Файзуллаевна шақырылды. Ол балалармен 1986 жылғы желтоқсан айында болған оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті.

  

Іс-шараға қатысушылар желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдер, әндер, музыкалық нөмірлер дайындады.

"Егер қолда бар нәрсені бағаламаса, оны сақтап қалуға болмайды". Бүгін біз елімізді мақтан тұтамыз,себебі ол Тәуелсіз.