«WorldSkills Kazakhstan 2019»

2019 жылдың 11-15 қараша аралығында Нұр Сұлтан қаласында «WorldSkills Kazakhstan 2019»  атты V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.
Еліміздің 17 аймағынан 22 жасқа дейінгі 400-ден астам жас маман таңдалған кәсіп бойынша медаль ұтып алу мүмкіндігі үшін 38 құзыреттілік (кәсіп) бойынша жарысады. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

 


Павлодар облысынан мобильді робот техникасы бойынша Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің студенттері Могер Иван және Щирик Ян барады.

Чемпионаттың конкурстық бөлімі Тәуелсіздік Сарайында (Тәуелсіздік даңғылы, 52) 2019 жылғы 12-14 қараша аралығында өтеді (9.00-18.00).

Салтанатты жабылу рәсімі 2018 жылғы 15 қарашада сағат 18.00 Бейбітшілік және келісім сарайында (Тәуелсіздік даңғылы, 57) өтеді.

"Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің"  құрама командасына сәттілік тілейміз!