Әлем чемпионатына дайындық шеңберінде

Нұр-сұлтан қаласында "Worldskills Kazan-2019" 45-ші әлемдік чемпионатына дайындық аясында 2019 жылдың 15-18 тамыз аралығында политехникалық колледж базасында "Кәсіпқор "Холдингі" КЕАҚ Қазақстан ұлттық құрамасының қатысушыларын нормативтік талаптарға, WSI халықаралық қозғалысының регламенттеріне және психологиялық дайындыққа оқыту жүргізді.

Құраманы дайындаудың алғашқы күні, оның ішінде Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің командасы Поморзин Антон мен Любенко Виталий ұсынған қатысушыларды ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру директоры Оспанова Насымжан Жамбекқызы, сондай - ақ "Кәсіпқор "Холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Күзенбаев Ермек Бақытұлы құттықтады.

   

Әр күндері қатысушылармен: Worldskills Kazakhstan Техникалық Делегаты-Омаров Елнұр; бизнес-тренер, ҚР – дағы ресми халықаралық Коучей Одағының (ICU) директоры-Нұрбекова Ғалия; Ханты-Мансий автономиялық округі бойынша (Ресей) ХМАО - Югры WorldSkills Russia Аймақтық үйлестіру орталығының басшысы-Альберт Сабитов жұмыс істеді.

     

  Дайындық күн сайын қанықтыжәне қызықты болды. 2019 жылы 16 тамызда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймагабетовпен кездесу өтті.Ол сайыскерлермен сөйлесті, құттықтады және оларға 22.08. 2019 - 08.27.2019 ж күндері Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсетулеріне сәттілік тіледі.

 

Балаларға әлемдік чемпионатта табысты өнер көрсетіп, марапаттарымен үйлеріне оралуды Павлодаркөлік және коммуникация колледжінің ұжымы да тілейді.

Ю. Калмыков