Автожолшылар, сапарға!

Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі «Автомобиль жолдары мен аэродромдардың құрылысы» мамандығының АД-416 тобының 28.02.2019 соңғы қоңырау кеші өтті. Колледж басшысы Нығметов Марат Жанатұлы түлектерге құттықтау сөздерін білдіріп, үздік студенттерді колледждің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқаны үшін мадақтамалармен марапаттады.

"Вагон және жол шаруашылығы" бөлімінің меңгерушісі Жекенов Айтуған Бақтиярұлы және сынып жетекшісі Кухаева Айнұр Нұржанқызы түлекьерді құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді.

Топ концертке белсенді түрде қатысып, би нөмері, топтық флэшмоб, Е. Аруп пен Қ. Төлеуғали орындауында әндер нөмірлері, сонымен қатар, концертке П-316 тобының студенті М. Харчук және АД-118 Сыздыкова Ш қатысты. Сырттан шақырылған КТК командасы «Драйв» қызықты миниатюраларын ұсынды.

Түлектердің ата-аналары сахна төріне шақырылып, құттықтау сөздерін білдіріп, түлектерді ақ сапарға шығарып салды.