«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесі»

"Жалпы кәсіптік пәндер" апталығы аясында 2019жылдың 11 желтоқсанында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесі" атты тәрбиелік, сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тек Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлемде де өзекті мәселе болып табылады. 

Бұл мәселені шешу үшін шешуші және ымырасыз әдістер қажет. Қазіргі әлемде өзін-өзі құрметтейтін әрбір ел сыбайлас жемқорлық мәселесін шешудің өзіндік жолдарын ұсынады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте түрлі елдерде қолданылатын тиімді әдістерді қолдану қажет" деп есептейді.

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын орындау шеңберінде "Жоғары электроника және коммуникацияларколледжінде" екінші және үшінші курстардың білім алушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әлемдік үрдістерді анықтау және біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларымызда тиімді әдістерді қолдану мүмкіндігін анықтау мақсатында брифингке шақырылды.

Қалалық "Нұр ОТАН" партиясының сектор меңгерушісі Айгүл Жанбарбайқызы Нұрғалиева бақылаушы ретінде шақырылды.

Аудиторияның алдында зерттеу материалымен таныстыру түрінде студенттер: Тлектесов Д. (АД-218), Лещик Л. және Могер И. (Э-317) сөз сөйледі.

 

Ұйымдастырушылар - "Жалпы кәсіптік пәндер" комиссиясы.