Теміржол колледждерінің ынтымақтастығы

Біздің колледжге 2017 жылы 27 қараша күні Қарағанды теміржол колледжінен, Павлодар теміржол колледжінен қонақтар келді. Басшылар Нығметов М.Ж., Теленков Е.А., Губин Н.Е. және колледждердің әкімшілік мүшелері Қазақстанның теміржол саласының мамандарын сапалы дайындау үшін өзара ынтымақтасу туралы пікірлерімен алмасты.

Кездесудің  нәтижесінде ынтымақтасу және Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі, Қарағанды теміржол колледжі мен Павлодар теміржол колледжі арасында өзара әрекеттесу желісі туралы үштарапты Меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде ТжКБ білім бағдарламаларын үйлестіру бойынша бірлескен жұмысты, оқу-әдістемелік іс саласындағы өзара әрекеттесуді, тәжірибемен алмасуды және білім, шыармашылық, ғылыми-зерттеушілік шараларды өткізуді талап етеді. Меморандум  шеңберінде бірлескен жұмысты жүргізу бес жыл бойына ұзартылады.