Джиу-Джитсу бойынша ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері

3 қазан мен 8 қазан аралығында Атырауда кадеттер мен ересектер арасында Джиу-Джитсу бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.  Турнирге 500-ден астам адам қатысты. Павлодардың командасы (6 адам) әр түрлі салмақ дәрежелерінде спортшылармен ұсынылды.

Біздің колледждің В416 тобының студенті Тоғаев Арғын 62 келі салмақ дәрежесінде төрт жекпе-жек өткізді. Осы салмақ категориясындағы 16 қатысушының арасында екінші орынға шықты.

Арғын, Абу Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы) әлем чемпионатының жолдамасын ұтып алған Павлодар облысынан жалғыз қатысушы.