Кәсіптік-техникалық білім күнімен!

2 қазан Қазақстанда жыл сайын кәсіби техникалық білім күнін мерекелеу күні болып табылады.

Бұл күн ССРО ҚК Президиумы 1940 жылдың 2 қазанында «ССРО Мемлекеттік еңбек резервтері туралы»жарлық ратификацияланғаннан бері атап өтіледі.

Осы Жарлыққа сәйкес барлық училищелер үш түрге бөлінді. Фабрикалық-зауыттық оқыту мектептерінде (ФЗО) дайындық 6 немесе 10 ай, ал қолөнер және темір жол училищелерінде – 2 жыл жүргізілді. Сондай-ақ арнайы қолөнер училищесінде, оқу мерзімі 3-жылдан 4-жылға дейін, ал көркемөнер училищесінде – 3 жыл жүргізілді. Осы мекемелерге екі жолмен: шақыру немесе қалауы бойынша қабылданды.

Өзінің 78 жылдық даму жүйесінде кәсіптік-техникалық білім беруде едәуір өзгерістер болды. 2017 жылдан бастап "Барлығына тегін кәсіптік - техникалық білім беру" жобасы іске асырылуда, жастар "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына" қатысуға тартылады, ТжКБ оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзекті оқу бағдарламаларын әзірлеуде ынтымақтастығына баса назар аударылады.

Бүгінде жоғары технологиялық өндірістерде күрделі жабдықтармен жұмыс істей алатын техникалық бағыттағы мамандарға деген сұраныс күн сайын артып келеді және кәсіби оқу орындарының беделі қайта жандана бастады.