Кәсіптік бағдар беру жұмысы

03.03.2020 ж. күні "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" М. М. Катаев атындағы  Оқушылар сарайының негізінде  Павлодар қаласы мен облыс мектептерінің болашақ түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу қазіргі заманғы білім беру талаптарына сай кадрлардың кәсіби дайындығына деген қажеттілігімен анықталады.

Кәсіби бағдар жұмысының мақсаты-жоғары сынып оқушыларына мамандықты таңдау жасауға, мансапты жоспарлау саласындағы оқушылардың құзыреттілігін арттыруға көмектесу.  

Кәсіптік бағдар беру жұмысының міндеттері: кәсіпті таңдаудың, мансапты жоспарлаудың негізгі принциптерімен танысу; қазіргі еңбек нарығының ерекшеліктерімен танысу; өз мүмкіндіктерін таңдаған кәсіптердің талаптарымен салыстыруға көмек көрсету болып табылды.

  

Колледжді көрсете отырып білім алушылар білім беру үдерісіне қатысты сұрақтарда өздерінің білімдері мен іскерліктерін табысты көрсете білді, оқу қызметінің тәртібі, стипендиялар төлеу, колледждің қалалық және облыстық іс- шараларға қатысуы, түлектердің талап етілуі, ЖОО- да оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Павлодар облысы және қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне мамандықтар, Жжоғары электроника және коммуникациялар колледжіне" түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы ақпарат бар үлестірме материалдар берілді, сондай-ақ болашақ мектеп түлектері қабылдау және қабылдау ережелері, өткен жылы әр түрлі мамандықтарға қалыптасқан өту балы, колледждің жетекші білім беру мекемелерімен әлеуметтік серіктестігі, өңіраралық және халықаралық қызмет, жұмысқа орналасу перспективалары туралы сұрақтарға жауап алды.

Талапкерлер  "ЖЭжКК" оқу қиын болса да , қызықты және тамаша болашақ беретініне, жоғары білікті кадрларды даярлау және өзін-өзі жүзеге асыру үшін көптеген мүмкіндіктер беретініне көз жеткізді.