Жалпыхалықтық диктант

14- қарашада елімізде латын әліпбиіне негізделген жалпыхалықтық диктант  өтті.   

Шараның мақсаты - жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруге дағдыландыру.

Республиканың барлық өңірін қамтыған акциядан біздің колледж оқушылары да  шет қалған жоқ. Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің оқытушылары мен студенттері  өзге өңірлермен бір мезетте өзін-өзі бағалау мақсатында диктант жазуға отырды. Осылайша, жаңа әліпбиді меңгеру деңгейін бағамдауға мүмкіндік алды.

Диктанттың тақырыбы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Мәтін 80-ге жуық сөзден тұрады. Диктант аяқталғаннан соң мәтіннің жазбаша нұсқасы emle.kz, tilalemi.kz сайттарында жарияланып, әр қатысушы өзінің жаңа қазақ әліпбиін меңгеру деңгейін тексере алды.