"ВШ және ЖШ" түлектерін құттықтаймыз!

2019 жылғы 15 наурызда "ВХ және ПХ" бөлімінің оқу бітіруші топтарының соңғы қоңырауының дәстүрлі мерекесіне ата-аналар, қонақтар, ардагерлер оқу бітірушілерді құттықтауға, жылы лебіздерін білдіруге жиналды. Салтанатты жиынды колледж басшысы Нығметов Марат Жанатұлы ашып, оқу бітіру емтихандарын табысты тапсыруды және дипломдық жобаларды ойдағыдай қорғауларына тілегін білдірді.

Мұғалімдер мен ата-аналар атынан балаларға көптеген жылы сөздер мен құттықтаулар айтылды.

Дәстүр бойынша бірде-бір соңғы қоңырау ән мен өлеңсіз өтпейді, онда түлектер оқытушыларға олардың төзімділігі мен даналығы үшін, өмір сүруге, сезінуге, сүюге және достасуға үйреткендері үшін, осы күнге дейін білім жолында шыдамдылықпен және сенімділік білдіргендері үшін алғыс білдіреді. Бұрынғы студенттерден олардың махаббаты мен тәрбиесі үшін ата-аналарға жеке алғыс айтылды.

Салтанатты іс-шараға қатысушыларды қуанышты көңіл-күй мен мереке сезіміне бөледі.

 

   

Алда түлектердің қорытынды аттестациясы және дипломдық жобаны қорғауы тұр. Оларға сәттілік тілейміз, ақ жол, балалар!