Меморандумға қол қою

Нұр-сұлтан қаласында "WorldSkills Kazakhstan 2019" чемпионатының алаңында Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК басшысы Нығметов Марат Жанатұлы және "Группа Аванти" ғылыми-өндірістік бірлестігі" ЖШҚ бас директоры Данилин Максим Евгеньевич 2019 жылғы 12 қарашада ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

   

Меморандум тақырыбы WorldSkills International халықаралық ұйымының стандарттары бойынша мобильді робототехника құзіреттілігінен WorldSkills кәсіби шеберлік конкурсына колледж студенттерін сапалы дайындау үшін тараптардың күш-жігерін біріктіру болып табылады.