Біздің баскетболшылардың жеңісі

25-29 қараша аралығында жоғары педагогикалық колледж базасында 1 лига колледждерінің XIX облыстық спартакиадасы бағдарламасында қыздар арасында баскетболдан жарыс өтті. Біздің құрама өткен жылғы нәтижені қайталай отырып, 1-орынға ие болды.

  

Турнир барысында: ВППК, КИТ, ВКИНЕУ, Ақсу командалары жеңіске жетті.

Турнир кестесінде екінші орынды Инновациялық технологиялар колледжінің құрамасы, ал қола медальдарды жоғары педагогикалық колледждің спортшылары жеңіп алды.

  

Біздің қыздар мен тәлімгер С. Ж. Жанғазинованы жеңісімен құттықтаймыз!