Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам

 М.М Катаев  атындағы оқушылар сарайында 2019 ж. 25 қыркүйек күні  «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының І облыстық кезеңі болып өтті.

Осы конкурсқа біздің колледжден ПМТ 349 тобының студенті Генералов Алексей "Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру" номинациясы бойынша қатысты.Жетекшісі: өндірістік оқыту шебері Рабканова А. И.

 

Студент "Темір жол станциясы" макетін қорғау және қолдануды тамаша көрсетті. Бұл «Станция» көптеген темір жол пәндері бойынша оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін меңгеруіне мүмкіндік береді

Конкурс қорытындысы бойынша "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің" студенті Генералов Алексей III дәрежелі дипломмен марапатталды.