2018 жылғы жолдауды талқылау

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халықтарына жолдауында белгіленген, Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі ұжымының 2018 жылдың 11 қаңтар күні өткізілген жиналысында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның дамуының жаңа мүмкіндіктері мен болашақтары талқыланды. Колледж басшысы М.Ж.Нығметов қызметкерлерге жолдаудың ең маңызды аспекттерін түсіндірді. 

Ел президентінің ұсынған стартегияны дамытудың құндылығы, маңыздылығы жайлы оқытушылар Ж.М.Амирханова мен Д.Ж.Жаканованың баяндамаларында айтылды.

Студенттердің барлық топтарында «Жаңа мүмкіндіктер» атты сынып сағаттары, «Алдымызда не күтіледі?», «Жолдаудың басты және нақты аспекттері», «10 нақты тапсырмалар» атты әңгімелесулер өткізілді. Жатақханада тұратын студенттерге, тәрбиеші Ш.Т.Бектурганов Елбасының жолдауын көруді және баяндамасын талқылауды ұйымдастырды.

Жолдауда әр азаматқа қатысты болатын, қазіргі заманғы ең маңызды аспекттер мен проблемалар айтылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтарына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына ерекше назар аудара отырып, біз, қазақстандықтар, алға қандай қарқынмен жылжып келе жатқанымызды айқын көріп тұрмыз. Жас ұрпақты өнекәсіптік-технологиялық ортаға ойдағыдай бейімдеуге көңіл бөле отырып, жаңа заманның талаптарына сай келу үшін барлық жағдайды жасаймыз.