Спорт жаңалықтары

Колледж студенттерінің арасында 2017 жылдың 7 желтоқсан күні ФК өңірлік орталығының тирінде пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша облыстық жарыстар өткізілді. Колледждің ұлдар командасы 4 орынды иеленді, құрамында: Беккер Игорь (С226), Абитов Карим (А315), Сайткулов Ильдар (А216).

Жеке біріншілікте Абитов Карим 3–ші орынды, ал Беккер Игорь жарыстың алтын медалін жеңіп алды.

Қыздар командасы – Курмаш Гулден (С315) мен Алпысбаева Ажар (С315) -  5-ші орынды иеленді. Қатысушыларға алғыс білдіреміз және жүлдегерлерді табысты жетістіктерімен құттықтаймыз.

  

Команданың бапкері - Садовник Алексей Алексеевич.

ПКжКК спорт залында 13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында волейболдан жарыстар өткізілді.  Алаңда 1 курстың ұлдар командасы, ПКжКК қыздар құрама командасы және  оқытушылар кездесті.

Барлық ойындар қызықтылығымен және келісімсіз тартыспен ерекшеленді. Жарыстардың қорытындысында ұлдар командасы 1 орынды иеленді. Екніші орынды оқытушылар құрамы, үшінші орынды колледждің қыздар құрама командасы иеленді.

Жарыстың барлық жүлдегерлері спорттық дипломдармен марапатталды. Қатысушылардың жалпы пікірі бойынша, турнир колледж үшін дәстүрлі болуы және жыл сайын өткізілуі керек.