Жаңа ұрпақ жемқорлыққа қарсы

Қыстың алғашқы күндері Павлодар облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін "Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастар ұйымдарының рөлі" тақырыбында үздік эссе байқауы өткізілді.  Байқауды Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және насихаттау болып табылады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, осындай іс-шараларға қатысу жас тұлғаға белсенді өмірлік ұстанымды, тұрақты дүниетаным мен зерттеу дағдыларын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Біздің колледжіміздің студенттері осы тақырыптың мәселелерін шешуде өте белсенді болды. Эссе-пайымдаулар терең мазмұнға ие болды: ой білдірудің батылдығы, қоғамда сыбайлас жемқорлықты құбылыс ретінде жою бойынша ұсыныстар, жастар мен жастар ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлін анықтау.

Эссе конкурсының қорытындысы 2018 жылдың 28 желтоқсанында жарияланды. Бірінші курс студенті Подтихов Максим екінші орынға ие болды. (топ С118, жетекшісі Абенова Б. А). Максимға II дәрежелі диплом және құнды естелік сыйлық табыс етілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!