«Тіл пәндері» апталығы өткізілді

Павлодар қаласының көлік және коммуникациялар колледжінде 2018 жылдың  22 қазан мен 26  қазан аралығында «Тіл пәндері» апталығы өтті.  

Апталықта өткізілген іс-шаралардың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, тілдерді құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Міндеттері: оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейтіп оларды әрі қарай дамыту, тілдерге деген құрмет пен сыйластықты оқушы бойында тәрбиелеу, оқушылар арасында түсінушілік пен достастықты қалыптастыру; еліміздің көп мәдениетті қоғамының біртұтастығын ардақтай отырып, қазақстандық патриоттық сана қалыптастыру. Үш тілді және ақпараттық технологияларды игерген заман талабына сай тұлғаны қалыптастыру.

Апталықтың ашылуында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар». Латын әрпіне көшу-заман талабы - деген тақырыпта конференция өтілді. Конференция барысында   «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және латын әрпі туралы деректемелер берілді. Сонымен қатар,  студенттер өз ойларын жеткізу арқылы бір-бірімен пікірталас жүргізді.

Сейсенбі күні ағылшын пәнінің оқытушысы Досчанова Бахытгуль Казбековна АД217 тобында  «Great Britain. The prepositions» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар белсене қатысып, өздерінің қазіргі заман талабына сай «үштілділікті» жете меңгеріп жатқандарын байқатты.

Сәрсенбі күні ақын  Шерхан Мұртазаның  – «Интернат наны» әңгімесі бойынша АД118 тобының оқушыларымен   дөңгелек үстел өткізілді. «Интернат наны» әңгімесі талқыланып, қазіргі жастарға берер тәрбиелік маңызы туралы әңгіме өтті.Оқушылар өз ойларын ортаға салып, барды бағалай білу керек екенін, «Ас атасы-нанның» қадірінің сол кездегі интернат оқушылары үшін қандай  екенін білді.  Көрнекті жазушының «Бір кем дүние» атты кітабынан бейнефильм көрсетілді.

Бейсенбі күні  «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысы  өтілді. Сайыс  IV кезеңнен тұрды. Қатысушылар  І, ІІ, ІІІ орындарға иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.

Апталықтың жабылуында  студенттердің үштілдік білімдерін анықтау мақсатында  «Қазақ, орыс, ағылшын  тілінің білгірлері» сайысы өткізілді.

Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, бекітілді.

Апталыққа пән мұғалімдері мен студенттер ерекше көңілмен дайындалды. Тіл пәндері мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, студенттердің үштілдікті жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.

Қорыта келгенде, тіл пәндері апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.

 

Ш.Ахметова, оқытушы