WorldSkills Kazan-2019 халықаралық чемпионатына

Worldskills Kazakhstan 2018 кәсіби шеберлігінің 4-ші республикалық байқауында жеңіске жеткен ұтқыр робототехника, Павлодар көлік және коммуникация колледжінің командасы ұлттық құраманың мүшесі болды (2019 жылғы 20 мамырдағы №5 техникалық комитеттің хаттамасы), ол 2019 жылғы 22-27 тамыз аралығында Қазан қаласында өтетін WorldSkills-2019 әлем чемпионатына қатысады.

Жарыс "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығы базасында өтеді, онда 63 ел мен аймақтан 1 300-ден астам жас маман 56 құзыреттілік бойынша жарысқа түседі. Байқауға қатысушылардың шеберлігін шамамен 1 300 сарапшы бағалайды.   

"Мобильді робототехника" номинациясы бойынша, Қазан қаласында өтетін әлемдік чемпионатта Павлодар облысы мен Қазақстан Республикасының намысын, құрамында Любенко Виталий мен Антон Поморзин болатын, Павлодар көлік және коммуникация колледжінің командасы қорғайтын болады.

Республикалық конкурстан кейінгі уақыт бойы және жарысқакету сәтіне дейін, 2018 жылдың қаңтарынан бастап 2019 жылдың тамызына дейін Виталий мен Антон мобильді роботтарды құрастыру мен бағдарламалауда өз шеберлігін шыңдай отырып, әлем чемпионатына қарқынды дайындық жүргізді.

Балалар 14 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласына барады, онда 2019 жылдың 15-18 тамыз аралығында политехникалық колледж базасында "Кәсіпқор "Холдингі" КЕАҚ Қазақстан ұлттық құрамасының қатысушыларын WSI халықаралық қозғалысының нормативтік талаптарына, регламенттеріне, оның ішінде техникалық ағылшын тіліне және психологиялық дайындыққа оқытуды ұйымдастырады. Оқуды аяқтағаннан кейін, 2019 жылы 19 тамызда Ұлттық құрама құрамында Антон мен Виталий Қазанға ұшып шығады.

Павлодар қаласынан Нұр-сұлтан қаласына дейін және кері қарай жол жүруді қаржыландыруды Павлодар көлік және коммуникация колледжі жүзеге асырады, ал чемпионатқа қатысу пакетіне (әуежайдан отельге және кері трансфер, отель-алаң-отель трансфері, отельде тұру, тамақтану), медициналық сақтандыру және Қазан қаласына дейін ұшу және кері қарай келуді "Кәсіпқор" Холдингі КЕАҚ төлейді.

Балаларға сәтті өнер көрсетіп, туған Қазақстанға аман-сау жеңіспен оралуларын  тілейміз.

Ю. Калмыков