Жастар жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын орындау шеңберінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу мақсатында колледж оқушылары арасында "Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету моделі" тақырыбында 2019 жылдың 14 қараша күні тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар саясаты-бұл ел болашағына тиімді инвестициялар. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды, көзқарастар мен мінез-құлық үлгілерін қалыптастыра отырып, біз адалдық пен қоғамға қызмет етуге негізделген азаматтық ұстанымның векторын қалыптастырамыз.

 

Аудиторияның алдында: Грицанчук Т.А. и Буланович И.А. оқытушылар баяндама жасады.

Іс-шараны өткізуге ПМЭ-347 тобының студенттері Нурахметов Ернат және Ковалев Алексей белсене қатысты. Презентация материалдарын С328 тобының студенті Ахан Гаухар дайындады.

Ұйымдастырушылар - "Жалпы кәсіптік пәндер" комиссиясы