Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың айқын көрсеткен басымдылығы, мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Міне президент неге мемлекеттің артықшылығының бірі ретінде өзінің «Қазақстан-2050»  стратегиясында жаңа құрылған  мемлекеттің жаңа саяси курсы сыбайлас жемқорлықпен күрес деп атады.

Сыбайлас жемқорлық термині латын сөзінен шыққан corrumpere – азғындау (лат. corruptio — сатып алу, сиқырлау, азғындау, сатылу, бұзылу) және мағынасы бойынша «мемлекеттің, қоғамдық қатынастарды бұзу»дегенді  білдіреді. Термин көбінесе бюрократтық аппаратқа және саяси қауымға қатысты қолданылады. Бүгінгі сыбайлас жемқорлық – ол пайданы жеке өз басының, үшінші адамның және топтың мақсатына  алу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану болып табылады.

Егер қарапайым тілмен айтсақ сыбайлас жемқорлық қызметтік міндетті өз мақсатына пайдалану деген сөз.

Бүгінгі күні, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік статус берілді, кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы компания қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын шектеу және алдын кесу бойынша шаралар жүргізіледі. 

Колледж студенттеріне Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күніне арналған, 2017 жылдың 29 қараша күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына сабақтар өткізілді.

Оқытушы  Жаканова Д.Ж. 1-2 курс студенттеріне бағдарламасына мыналар енгізілген, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты»атты ашық іс-шараны өткізді:

- «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық және онымен күресу шаралары», «Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық»атты тақырыптарға баяндамалар;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалатын істер туралы» және  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» презентациялар;

- «Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ бақытсыздығымыз», «Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу» және т.б.бейнероликтерін көру

Шараның барысында бейнероликтегі кейіпкерлердің іс-әрекеттері, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін үкімет қабылдаған, шаралар қызу талқыға түсті, студенттер осы сұрақ бойынша өз ұсыныстарын айтты.

   

Студенттердің алған білімдері, өмірде оларға кез келген байқалған сыбайлас жемқорлықпен қатынаста болмайды деп сенгіміз келеді.

Болашақ жас ұрпақтың қолында!