"Менің хоббиім және компьютерім"

"ЕТ және БҚ" арнайы пәндер апталығы аясында 2020 жылдың 25-29 мамыр аралығында "Жоғары электроника және коммуникацияларколледжі" ШЖҚ КМК студенттері арасында "Менің хоббиім және компьютерім"атты плакаттар сайысы өткізілді.

Осы конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері колледждің шығармашылық өмірінде және одан тыс жерлерде студенттердің белсенділігін дамыту; студенттердің әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту; студенттердің бос уақытын тиімді өткізу іс-әрекетінің жағымды формаларын дәріптеуболып табылады.

Байқауға плакаттар ұсынылды, олардың сюжеттері байқау тақырыбын ашты. Плакаттар түрлі стильде және техникада орындалған.

Қазылар алқасы конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстарды қарап, жеңімпаздарды анықтады, орындарды былайша бөлді:

- 1 орын- ОП-317 тобы

- 2 орын- С-119-тобы

- 3 орын- СЦБ-254 тобы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!