Мұзафар Әлімбаевтың әдеби кеші

Қазақстанның  халық  жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  балалар әдебиетінің негізін қалаушы, жерлесіміз  Мұзафар Әлімбаев   29 -қазанда 95 жасқа толды.

 Ақынның мерейтойына орай Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы колледжде  «Туған ел! Сенің даңқың маған мерей» атты  кеш өткізді. Мерейтойға орай көрме ұйымдастырылып, ақын өмірімен, оның шығармаларымен таныстырды. Мұражайдың әдіскері Есмұханов Мейрамғали Қайроллаұлы ақынның туған жер, туған өлке туралы өлеңдерін оқыды. М.Әлімбаевтың өлеңдеріне  жазылған әндер орындалды.

   

 

  

 

Ш.Ахметова, оқытушы