Әдеби кеш «Ақын-әлем»

2019 жылы 21 қарашада АД-218 тобының студенттері Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында өткен белгілі ақын және қоғам қайраткері Жұмағали Қоғабайдың 70 жылдығына арналған шығармашылық кешке қатысты. "Ақын-әлем" жобасы аясында әдеби кеш Қазақстан Жазушылар одағының аймақтық бөлімшесімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Шара соңында музей ұжымы ұйымдастырған Жұмағали Қоғабайдың өмірі мен шығармашылығына арналған "Ақын – елдің ардағы" атты көрмені тамашалады.