«Мың бала» конкурсы

Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің акт залында  2018 жылғы 15 қазан күні  сағат 1000-де  «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында студенттер арасында конкурс өткізілді.

  Конкурстың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

  Конкурс ұйымдастырушысы – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, Павлодар облысы  «НҰР-АНА әлемі» ҚБ, тілдерді дамыту жөніндегі, білім беру басқармалары, қалалық мәдениет және тілдер, білім бөлімдері.     

  Конкурсқа Ибрагимов Камиль (А118 тобы), Севергин Никита (А118 тобы), Шелкопляс Александр (С217 тобы), Ишутина Ангелина (С217 тобы), Обест Вера (ОП228 тобы), Моцная Оксана (А217 тобы) студенттері қатысты.

Конкурс бағдарламасы:
1. Таныстыру (2 минут)
2. Шешендік өнер (өлең, шығармадан үзінді оқу, 4 минут)
3. Викторина (сұрақ-жауап, 3 минут)
4. Қонкурс қорытындысын шығару  бөлімдерден тұрды.
 
Қатысушыларды бағалау кезінде тілдерді  меңгеру деңгейі; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі; көркем мәтінді оқу шеберлігі; орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне көңіл бөлінді.

  Соңында, әділ –қазылар алқасы: Абдрахманова Ғ.Н., Джусупова С.Ғ. –«НҰР-АНА  әлемі» қоғамының мүшелері; Сагатова А.К.- «Рухани жаңғыру» мектебінің мүшесі сөз сөйлеп, І орын –Ишутина Ангелинаға, ІІ орын-Севергин Никитаға, ІІІ орын –Шелкопляс Александр мен Обест Вераға табыстап, алғыс хатпен марапаттады.

 

Г.Жумадилова, оқытушы