Киберспорт: "Сапер" бойынша чемпионат

Павлодар көлік және коммуникация колледжінде 21 ақпан күні "Сапер"кеңселік ойыны бойынша колледждің ашық чемпионаты өтті.  

Бұл ойынның танымалдығына  бүгінгі күні шек жоқ. "Сапер" ойыны бойынша әлемдік чемпионаттар үнемі өткізіліп тұрады және жыл сайын жаңа рекордтар қойылады.

Бұл ойынға "қатты әуестенетіндердің" барлығы өз рекордтарын құмарлықпен қояды, ал шеберлікті дамыта отырып, үздік әлемдік нәтижелерді жеңуге тырысады:
- Профессионал (Ian Fraser) деңгейі – 34 секунд
- Любитель деңгейі – 10 секунд 
- Новичок  деңгейі – 1 секунд 

Сапер" ойыны бойынша ашық чемпионат "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" комиссиясының арнайы пәндер апталығы аясында біздің колледж үшін алғаш рет өткізілді. 

     

 

Жарысқа колледждің 35 студенті мен қызметкерлері қатысты. 10 минут ішінде қатысушылар минасы бар алаңнан, оның біреуінде ашпай барлық миналарды мүмкіндігінше тезірек табу керек болды.  Қиындық деңгейі- Любитель. Біздің чемпионаттың шарттары бойынша ең аз уақыт ішінде осы тапсырманы орындаған адам жеңімпаз болады.

Қатысушылардың пікірлері бойынша сайыс эмоционалды өтті, әсерлі және қызықты болды.

Құмар күресте жеңімпаз атанды:
1 орын– Могер Иван (Э217)– 76 секунд
2 орын– Смирнов ЕвгенийАлександрович (қызметкер) – 91 секунд
3 орын– Болатов Алмас (Э217) – 148 секунд
4 орын – Жанбек Әділ (С217)– 169 секунд
 
    
 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа рекордтар тілейміз!

 

 

Торопова И.И., арнайы пәндер оқытушысы