" Қазақстан: өткені, бүгіні, болашағы "

11.12.19 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған "Қазақстан: өткені, бүгіні, болашағы" атты оқу-тәжірибелік конференциясы өтті.  Іс-шараға А-218,А-317,С-218 және ПО-318 топтары қатысты.

Конференцияның мақсаты қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және студенттердің өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Баяндамаларда Қазақстанның демократиялық тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихы, саясат, экономика, әлеуметтік жағдай, спорт және тағы басқа саладағы біздің еліміздің бүгіні туралы, "ЖЭжКК"студенттері Қазақстанның болашағы қандай екенін көрсетті.