WorldSkills Kazakhstan-2019 қорытындылары

2019 жылдың 11-15 қараша аралығында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында V Республикалық кәсіби шеберлік байқауы WorldSkills Kazakhstan - 2019 өтті, оған өз саласының ең танымал мамандары еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды. Осындай орасан зор форумның негізгі мақсаты кәсіби дайындық пен біліктілік стандарттарының деңгейін арттыру, сондай-ақ жұмысшы кәсіптерді танымал ету болып табылады. Байқауға барлығы ресми түрде 38 құзыреттілік ұсынылды, оның ішінде "Мобильді робототехника" да бар. Осы құзырет бойынша 11 команда, әр командадан екі қатысушы қатысты, яғни барлығы 22 қатысушы. Павлодар облысының атынан Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің командасы қатысты, атап айтқанда - Могер Иван және Щирик Ян.

  

Біздің студенттер V Республикалық Worldskills Kazakhstan - 2019 чемпионатының қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды (719 ұпай) және қола медальдармен марапатталды.

Біздің балаларАқмола облысының (752 ұпай – бірінші орын, алтын медальдар) және Шығыс Қазақстан облысының (722 ұпай - екінші орын, күміс медальдар) командаларына жол берді.Могер Иван "Мұндай жоба сіздің оқу барысын ғана емес, сондай – ақ робототехника сүйікті іс болса, мансаптық жоспарларды да, тіпті сіздің өміріңізді да өзгерте алады", - дегенгесенімді. "Конкурстар ғылым мен жоғары технологияларға деген қызығушылықты ынталандырады, ал жарыс рухы қосымша уәждеме береді", – дейді Щирик Ян.Команданың жетістігіне, өз үйіндегідей Павлодар қаласындағы Жоғары электроника және коммуникациялар  колледжінің қабырғасындағы ұзақ дайындалуы, сондай-ақ Новосибирск қаласындағы "Роботтар лигасы" Робототехника секцияларының Федералды желісінің секцияларында және Алматы қаласындағы "Dosti" инновациялық орталығы базасында дайындалуы ықпал етті.

Балалардың  алдағы уақытта "Dosti" инновациялық орталығының базасында Алматы қаласында өтетін бірінші, екінші және үшінші орын алған командалар арасында іріктеу турнирі  тұр.

  

Іріктеу турнирінің жеңімпаздары халықаралық чемпионаттарда Қазақстан атынан шығады. Сондай-ақ, оларды және келесі жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін,  Австрияда Еуропа чемпионатына және Азия чемпионатына қатысуларын күтіп тұр.

Біздің командамызға іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, халықаралық чемпионаттарда жеңістер тілейміз.

Ю. Калмыков