" Жас кәсіпкерлер форумы "

Бүгін, "Жоғары электроника және коммуникацияларколледжінің" студенттері Жастар бастамаларын дамыту орталығына шақырылды, кездесу аясында Стартап жобалардың, жас кәсіпкерлер форумының тұсаукесері өтті.

Жас кәсіпкерлер қатысушыларға өз жобаларын айтып, көрсетті, сондай-ақ кәсіпкерлік және туризм басқармасы, "Атамекен" ҰКП, "Даму" КДҚ өкілдерінен ұсыныстар алды.

Біздің студенттер "инвесторларға арналған жобалардың тұсаукесері", "әлеуметтік желілерде жарнама және алға жылжыту"тренингтеріне қатысты.

  

Мақсат - өз жобаларын қалай іске қосуды, әлеуетті инвесторларды жобаны инвестициялауға қалай сендіруге болатындығын, сонымен қатар шығармашылық тәсілдерді қолдана отырып, нақты аудиторияға «мақсатты» жарнаманы қалай дұрыс қою керектігін үйрену болды.

Жасалған жұмыстың нәтижелері бойынша студенттер әлеуметтік желілерде мақсатты жарнаманы қолдану тәжірибесін алды, олардың мақсатты аудиториясын белгілеп, жарнама сатып алушыларды қызықтыратындай етіп жасады. Бизнес жоспар құрып, болашақ бизнес үшін идеяларды таныстыруды үйренді.

Балалар өздерін тек жеке тұлға ретінде ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие және болашақта "бизнесмен"білікті және бәсекеге қабілетті маман ретінде дамыту үшін қызықты жұмыс тәжірибесін алды.